ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

WhatsApp Image 2024 02 14 at 16.00.55

Бүгін Алматыда «Төтенше жағдай кезінде психологиялық көмек көрсету» атты семинар өтті. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы ұйымдастырған басқосуға Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің психологы, Бостандық аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және емханалардың психологтары қатысты.

- Төтенше оқиға кезінде кез-келген адам өз өмірін құтқару үшін жанталасады. Дегенмен тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырамын. Әрі мұндай дүрлігу өзіңізді құтқаруға кедергі жасайтынын ескеріңіз. Себебі , төтенше жағдай кезінде сабыр сақтап, ақыл таразысына салып, барынша өзіңізді және отбасыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш жұмсау керек. Бүгінгі семинарды ұйымдастыруға медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін психологтардың психологиялық реакцияларға жедел талдау жасап, жеке тұлғаның есін жиып, сол жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруға, пайда болған шекаралық жүйке-психикалық бұзылулардың психотерапиясына көмектесуге машықтандыру,- дейді орталықтың директоры Сапар Рахменшеев.

Орталықтың кафедра меңгерушісі, профессор С. Ешімбетова болашақ психологтарды төтенше жағдай кезінде зардап шеккендермен жұмыс істеуге бейімдеп, еріктілер тобын құру туралы ұсыныс айтты. Сонымен бірге дағдарысқа ұшыраған адамға қалай көмектесудің әдістерімен бөлісті.

- Кім екеніңізді және қандай функцияларды орындайтыныңызды нақты айтыңыз. Көмекке мұқтаж адамдардың аттарын біліңіз. Зардап шеккендерге көмек жақын арада келетінін, сіз оған қамқорлық жасайтыныңызды айтыңыз. Жәбірленушінің қолын ұстаңыз немесе иығынан сипаңыз. Басыңызға немесе дененің басқа бөліктеріне қол тигізуге болмайды. Зардап шеккен адаммен бірдей деңгейде позицияны ұстаңыз. Зардап шеккен адамға арқаңызбен бұрылмаңыз,- деп орталықтың кафедра меңгерушісі, профессор С. Ешімбетова бойын үрей билеп, паниканың жетегінде есінен айырылғанда әрекет етудің амалдарымен бөлісті.

Семинарда мамандар төтенше жағдай кезінде үрейдің қауіптілігі, қателіктерге жол бермеудің амалдарын айтып, психологиялық көмекті ұйымдастырудың тетіктерін айтты.

 

WhatsApp Image 2024 02 14 at 16.00.55 1WhatsApp Image 2024 02 14 at 16.00.56