ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

 Әлемдегі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. Осындай ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған ақ халатты абзал жандарды келіп жеткен мерекелерімен құттықтаймын. Мен Қазақ Радиосының әр дүйсенбі сағат 10:15 -те тікелей эфирге шығатын « Бірінші байлық » бағдарламысының тұрақты тыңдаушысымын, осы бағдарламаға қонақ болып келетін дәрігер мамандар өз білімдерін халықпен бөлісіп, барша халықты денсаулық күтіміне көңіл бөлуге шақырады. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген абзал жандарды атымен атап, құттықтап, алғыс білдіргім келеді ! Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Дамир Дәулетбаев , Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, травмотолог ортопед Мейрамбек Жұмағұлов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев,
кардиохирург дәрігер, м.ғ.к., Алматы қалалық Кардиология орталығының директоры Алмат Тұрысбекұлы, Жекенова атындағы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Құстайқызы, Алматы қалалық Адам ұрпағын өрбіту орталығының акушер-гинекологы Әміралиева Гүлмира Ыдырысқызы, Алматы қалалық №1 клиникалық ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі Сабыржан Амангелдіұлы мен терапия бөлімінің меңгерушісі Нәзипа Бегалықызы, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Құттыбайұлы, «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы, Бинеш Жарбосынов атындағы Қазақ урология ғылыми-зерттеу институтының балалар урологиясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар уролог дәрігері, м.ғ.к. Қайрат Қабдолдин, м.ғ.к., Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің онкология кафедрасының доценті, жоғары санатты онкогинеколог дәрігер Толқын Садықова, Ұлттық оқу клиникалық орталығының директоры Кенжебек Өмірғали мен директордың орынбасары Айгүл Досмаилова, Алматы қалалық №29 емхананың бас дәрігері Ақмира Махамбетқалиқызы, Бинеш Жарбосынов атындағы Қазақ урология ғылыми-зерттеу институтының уролог дәрігері Аманжол Жалауұлы, ШЖҚ "Алау" оңалту орталығының бас дәрігері Айнұр Молдахынованы шың жүректен құттықтаймыз ! 

 

На данном изображении может находиться: один или несколько человек

 

https://www.facebook.com/photo.php?fbid=678604769234808&set=a.180700089025281&type=3&theater&ifg=1