ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

    Senym.jpg

 

 Алматыда 1303 сенім телефоны іске қосылды . Осы телефонға хабарласқан тұрғындарға Қалалық Психикалық сауықтыру орталығының тәжірибелі мамандары жедел психологиялық көмек көрсетеді. Сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді және қызметі тегін. Әрі психологиялық көмек сұраған азаматтар жайлы барлық мәлімет құпия сақталады. Ескеретін тағы бір жәйт , 3103 қалалық байланыс номері. 
4 жылдан бері шаһар жұртшылығына, қонақтарға тұрмыс тауқыметінен , әлеуметтік түйіткілдерден қажыған және күйзелістен арылудың жолын іздегендерге Психикалық сауықтыру орталығының 8727-376-56-60, 87089832863 сенім телефондары үздіксіз психологиялық көмек көрсетіп келеді. 
Былтыр 1000 астам ,биыл 1800 –ге жуық тұрғын сенім телефоны арқылы түйіткілін айтып, шерін тарқатқан. Ал айына 260 адам қоңырау шалған. 
Көбінесе әлеуметтік проблемалар, ерлі-зайыптылардың кикілжіңі , отбасындағы түйіткілдерді шешуге , ене мен келін арасындағы ұрыс-керістің тігісін тарқатуға, ата-анасының қамқорлығына мұқтаж жасөспірімдер, суицид алдында күйзеліске психологтардан араша сұрап, көмегіне жүгінген. 
Алып қаланың Психикалық сауықтыру орталығының сенім телефондары жан дертіне дауа іздегендерге әрқашан көмектеседі.