ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің Жолдауы
ҚР Президентінің Ресми сайты
Қазақстан-2050 Мәңгілік Ел

Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында Минск қаласының психикалық сауықтыру орталығының бас дәрігері Алексей Александров мырзамен кездесу өтті.
Белоруссияның наркологиялық және психиатриялық қызметі 10 жыл бұрын біріктірілген және мекеменің мәжбүрлеп емдейтін бөлімдері Қылмыстық атқару жүйесінің қарамағында екен.
Алексей Александров мырза ресми сапары барысында екі ел мамандары арасында әріптестікті нығайту , тәжірибе алмасу, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.
Сонымен бірге орталық директоры Сапар Рахменшеев Психикалық сауықтыру орталығындағы науқастарды қоғамға бейімдеу, еңбекке баулу мақсатында үздіксіз жұмыс істейтін баспанахана, тігін цехының жұмысымен таныстырды.. Белоруссиялық қонақ науқастардың еңбек терапиясында жасалған тауарлардың отандық нарықта бәсекеге түсіп, тендер арқылы сайысқа түсетінін естігенде таң қалды.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығы мен Минскідегі орталықтың бас дәрігерлері келешекте Қазақстан мен Белоруссия арасында өзара медициналық қызметтің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және психикалық ауруларды, маскүнемдік пен нашақорлықтан емдеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру мақсатында екіжақты әріптестік ынтымақтастық жөніндегі меморандум қабылдау туралы уағдаласты.
Кездесуде келесі жылы Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының психиатрлары Белоруссияға барып, тәжірибесін шыңдауға келіссөздер жүргізді.

WhatsApp Image 2019-11-22 at 12.29.38.jpeg