Печать
Просмотров: 8566

  Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің      
2014 жылғы 20 наурыздағы
 № 253 қаулысымен   
 бекітілген     

   «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

   1. Жалпы ережелер

      1. «Наркологиялық диспансерден анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті штат кестесі бойынша нарколог-дәрігер көзделген медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – нарколог-дәрігер мен анықтаманы берген медициналық тіркеуші қол қойған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес психоневрологиялық диспансердің анықтамасы.
      7. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет ақылы негізінде көрсетіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілетін қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу қолма-қол ақшамен де, көрсетілетін қызмет берушінің есебіне қолма-қол ақшасыз аудару тәсілімен де жүргізіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, үзіліссіз сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
      Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);
      2) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
      3) қорғаншының жеке басын куәландыратын және қамқорлықты растайтын құжат (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін);
      4) бекітілген халықтың тіркеліміне сәйкес көрсетілетін қызмет берушінің қызмет көрсету ауданына бекітілуінің болуы.

   3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсететін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсететін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркегеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шара қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

   4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz, интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе көрсетілетін қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  «Наркологиялық диспансерден  
 анықтама беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша          

   АНЫҚТАМА
СПРАВКА
Берілген күні/дата выдачи 20….. ж./г. «......»............................

1.
Т.А.Ә./Ф.И.О.________________________________________________________
                (жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес)
_____________________________________________________________________
1-1. ЖСН/ИИН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __
2. Туған күні/дата рождения: __ күні/число __ айы/месяц __ жылы/год.
3. Мекенжайы/адрес (место постоянного жительства):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Диспансерлік есепте: тұрады/тұрмайды//На диспансерном учете:
состоит/не состоит (керегінің астын сызу).
Мөрдің орны    Анықтама берген дәрігердің Т.А.Ә./____ Қолы/ ________
Место печати   Ф.И.О. врача, выдавшего справку        Подпись

      Күні 20___ жылғы «__» _______________________
      Дата «__» ___________________________ 20___г.

  «Наркологиялық диспансерден  
 анықтама беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
 2-қосымша            

   «Наркологиялық диспансерден анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы
20 __ жыл

Р/с № Өтініш берген күні Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты Жынысы Туған күні Үйініңмекен жайы Жұмыс орны Анықтама № Анықтаманы берген дәрігердің тегі
1 2 3 4 5 6 7 8 9