Печать
Просмотров: 728

WhatsApp Image 2020-07-01 at 16.15.50.jpeg

Өкінішке орай, пандемия өршіп барады. Төрт ай қатарынан қалалық барша медициналық қызметкерлер індетті жоюды көздеп, пандемиямен күресіп келеді. Қолданылған барлық тиісті шараларға қарамастан, қосымша күштердің бірігуін, стационар жағдайын қосымша ұйымдастыруын, АМСК қызметінің күшейуін бүгінгі жағдай қажетті деңгейде талап етіп отыр. Бүгінде медициналық қызметкерлердің санын артыру, кадрлық құрамды көбейту сұрақтары - бірінші орында. Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз.  Барша ақ халатты абзал жандарды пандемияны жеңіп шығуда ат салысуға, індетке қарсы тұруға шақырамыз.