Печать
Просмотров: 398

 

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының дәрігерлері, мейірбикелері бір минут үнсіздік жариялап, жұқпалы індеттен қаза болған азаматтарды және әріптестерін еске алды.  Орталық қызметкерлері еске алу рәсімінде аурудан қорғайтын арнайы киімдерін шешкен жоқ. Олар сақтық ережесін бұлжытпай орындап, бір-бірінен 1-2 метр қашықтықты сақтады. Түнде ғимараттың туы төмен түсірілді.

Елімізде  13 шілде пандемия кезінде  КОВИД дертінен қайтыс болғандарды еске алуға бағышталған Жалпыұлттық аза тұту күні өтті.

      Түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік тулар төмен түсіріліп,  телеарналарда, радиоларда  ойын-сауықтық бағдарламалар тоқтатылды. Республика жұртшылығы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жариялады.

    Ресми деректерге сүйексек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 59 889 адамға жеткен. Олардың 34 мыңнан астамы бұл кеселден айыққан. Алайда қауіпті індеттен 375 науқас қайтыс болды.