Печать
Просмотров: 219

WhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.52.jpeg

Бүгін Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері «Жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта жиын өткізіп, сыбайластық жемқорлыққа қарсы жүргізілген шаралар мен атқарылған жұмыстарды талқылады.
«Аманат» партиясы жанындағы Бостандық ауданының Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткен басқосуда орталық директоры Сапар Рахменшеев сыбайлас жемқорлықтың ел болашағына, ұлттың қауіпсіздігіне зиянын айтып, келеңсіз құбылыспен күресу әр азаматтың алдында тұрған ортақ міндет екенін шегелеп айтты.
-Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзекжарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет, жау. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. «Қоғам - өмірдің айнасы» дейміз. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, түгел қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру, оны насихаттау да ұшан-теңіз септігін тигізеді. Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз керек. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын шырмаудан түрлі бәле - кесапаттан сақтанып, жаман дертті балаққа шығармайтындай халде болашаққа нық сеніммен қадам басайық,-деп өз пікірін білдірді орталық басшысы.
Сонымен бірге орталық мейірбикесі Борисова Н жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шара ,үгіт-насихат бойынша баяндама оқыды. Қоғамдағы өзекті проблеманы талқылаған жиынға 70-ке тарта психиатр , мейірбикелер қатысты. Жемқорлықпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып , оны жоюға қарсы қатысушылар да ой-пікірін білдірді.

WhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.48.jpegWhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.50.jpegWhatsApp Image 2023-01-26 at 15.44.49.jpeg