Печать
Просмотров: 20

Майталмандар марапатталды.

Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында мерекелік шара ән мен жыр шашумен басталды. Наркологиялық қызметтің аға мейірбикесі Бану Қыдырбаева әріптестеріне әдемі ән арнап, қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп тастады.
Бұдан кейін орталық директорының орынбасары Роза Тәтиева бірлік пен ынтымағы жарасқан ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, мақтау грамотасы, алғыс хаттарды табыс етті. Бөлім меңгерушілері Марина Белобородько , Наталия Левыкина «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Бөлім меңгеруші Жақсыбек Қыстаубаевқа, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Еркінбек Исмаилов пен Әдемігүл Батырханова Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатын жолдапты. Ал Медеу ауданы әкімі бөлім меңгерушісі Мұрат Әбдімәжитовке мақтау грамотасын, ал директордың орынбасары Роза Тәтиеваға алғыс хатты тарту етті. Тазалықшы Эльвира Шаймұратова орталықтың кәсіподақ ұйымының грамотасын иеленді.
Ал психиатриялық қызметтің денсаулық сақшылары да бүгін марапат пен сыйлыққа бөленді. Бөлім меңгерушісі Мәди Бегалин «Ерен еңбегі үшін» медалімен, дәрігер-сарапшы Екатерина Ротманова және бөлім жетекшісі Галина Булыгина «Мінсіз қызметі үшін» медалімен , мейіргер Ақжанар Наурызалиева Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз қызметі үшін» грамотасымен, ал участкелік дәрігер психиатрлар Бақытбек Тайжанов пен Нұрила Қадырбайқызы, дәрігер психиатр Таир Мансүров Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатын алды.

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина саласы қызметкерлерінің мерекесі. Бұл атаулы күн 1998 жылы ҚР Президентінің жарлығымен қабылданған.
Кәсіби мереке қарсаңында Алматы қалалық сауықтыру орталығының ұжымы медицина саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтайды. Мықты денсаулық, халық игілігіне арнаған еңбектеріңіз еленіп, аурудан айыққан жандардың алғысына бөленіңіздер.