Печать
Просмотров: 21

Алматының есірткі заттары мен алкогольге тәуелді науқастар көрмеге шақырады.

Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында нашақорлық пен маскүнемдіктен емделушілердің қолынан жасаған заттардың көрмесі өтті. Шеберлер қамыр, қағаз , ағаштан үй, ғимараттар, тіпті ағаштан жонып жасаған әжетхананы теңге жинайтын қобдишаға айналдырған. Олар сот т шешімімен орталықта бір жылға дейін емделеді .
Орталықтың бөлім басшысы Айгүл Әбдікерованың айтуынша қала бойынша орталықта 5000-ға жуық тұрғын наркологиялық динамикалық бақылауда тұр. Олардың 3472 алкогольдік өнімге, 1175 есірткі заттарына құмар.
-Бұл тізімдегі 21-і кәмелет жасқа толмаған. Олардың бесеуі алкоголь өнімдерін тұтынады, тағы бесеуі уытты заттарға құмар және он бір бала нашақорлықтың құрсауында. Қазіргі уақытта орталықта 238 пациент емделіп жатыр. Солардың 68-і есірткі заттарына тәуелді. 110 науқас соттың шешімімен емделуде,-дейді бөлім басшысы Айгүл Әбдікерова.

Ұл -қызыңыз не иіскеп жүр?

Алматылық нарколог дәрігерлер карб иіскеуге құмар жасөспірімдер көбейіп келе жатыр деп дабыл қағып жатыр. Карб- машинаның карбюраторын , қосалқы бөлшектерін тазалайтын сұйықтық. Мұны көлік жүргізушілер жақсы біледі. Оны тұтынушылар мектеп оқушылары. Иіскейді және одан ләззат алады. Дүкенде жасөпірімдерге сатуға тыйым салынбаған. Базар, дүкендерде бір литрі мың теңгеге сатылып жатқан сұйықтықтың ағзаға зияны есірткінің зардабынан кем емес дейді балалар нарколог дәрігері Анна Трубникова .
- Жүйке тамырлары семіп, ми қызметін әлсіретеді. Бұған қоса кейбір баланың бір иіскегеннен жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. Ұзақ пайдалану салдарынан адамның іш құрылысы зақымданып, бүйректің қатерлі ісігі пайда болады. Өкінішке қарай жасөспірімдердің арасында осы карбке тәуелді науқастар көбейіп келеді. Емі бар,- дейді Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының балалар нарколог дәрігері Анна Трубникова .

Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті қызметкерлері орталыққа тәрбиеге көнбейтін кішкентай бұзақыларды да алып келді. Нарколог дәрігер Анна Трубникова есірткі заттары, алкоголь өнімдері мен уытты заттардың қаупі, зияны жайлы тренинг өткізіп, жасөспірімдермен сұхбаттасты.
Сонымен бірге орталықта қала тұрғындары мен қонақтарына ашық есік күні өтті. Жұртшылық нарколог, психолог, психиатр мамандардан кеңес алып, емдеу шарасы бойынша мол мағлұмат алды. Емделушілерден құралған футбол командалары арасында жарыс өтті. Бүгін ашық есік күніне келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін мамандар орталық директоры Сапар Рахменшеевтің атынан құттықтау жолдап, кәсіби мерекесі қарсаңында сыйлық тарту етті.