Печать
Просмотров: 1485

10-қарашада Алатау аудандық Ішкі істер басқармасында есірткі патологиясы бар тұлғаларды қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Участкелік полиция қызметкерлері басқарма ғимаратына 13 кісіні жеткізді.

Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы И.А Андреева оларды қабылдап, диспансерлік қызмет жайлы мәлімет беріп, бақылау,емдеу және оңалтудың қажет екенін түсіндірді. Нәтижесінде олардың 7-еуі есепте тұратын, бірақ емдеу және бақылаудан қасақана бұлтарып жүргендері анықталды. Ал 4 тұрғынға медициналық тексеру қорытындысына сәйкес «ішімдікке тәуелді» деген диагноз қойылды.

     Бұл шара келесі күні,яғни 11 -қарашада Бостандық аудандық ІІБ жалғасты. Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер -наркологы Андреева И. А тәртіп сақшылары жеткізген 19 тұрғынға тексеру жүргізіп, 13 адамнан «маскүнемдік» белгілері анықталып,диспансерлік есепке алынды. 5-еуі тіркеуде тұрса да олардың емдеу және бақылаудан қасақана қашып жүргені анықталды.

     Дәрігер -нарколог ІІБ қызметкерлеріне «Нашақорлық,алькоголизм және уытқұмарлықтың белгілері» жайында лекция оқыды. Жиынға 112 адам қатысты.