Печать
Просмотров: 1419

        Алматыда қарашада күн сайын Дүниежүзілік ЖҚБТ-ға қарсы күрес күніне орай айлық шарасы аясында алдын-алу шаралары өтіп жатыр.

Біздің орталықтың дәрігер-наркологтары қалада көпшілікпен жүздесіп,семинар, тренинг, кездесулер ұйымдастырды. 10-қарашада №88 мектепте орталықтың дәрігер-наркологы А.А. Баратова педагогтар , наркобекеттердің басшылары және жас мамандарды жинап, семинар өткізді. Басқосуда дәрігер-нарколог «Есірткіге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастыру» деген тақырыпта баяндама оқып, мектепте оқушыларға есірткіні алғаш татып көруден дер кезінде бас тартуға тәрбиелеу,оған оқытудың әдістерінің маңыздылығына айрықша тоқталды. 28 адам қатысқан семинарда қызу пікірталас болды.    

     Ал 12-қарашада Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ университетіндегі айықпас дертпен күрес күніне орай ұйымдастырылған шараға 250 студент қатысты. Дәрігер -нарколог Әлиев Р.Н. «Темекі қоспалары. Спайстар» жайлы лекция оқып, жас буынға темекі қоспаларын татып көруге үйір ететін бірнеше себептерді және мұндай қауіп-қатерден қорғанудың жолдарын айтып берді. Дәрігер «спайсты» бір мәрте тұтыну -оған тәуелді етіп, психикалық функциялардың бұзылуына әкелетінін тәптіштеп түсіндірді. Көбіне ересектерге қарағанда жасөспірімдер ағзасы тез уланатын және адам денсаулығына ғана емес, оның өмірін азап-қасіретке айналдыратын психобелсенді заттардың зардаптарын тәжірибелі маман әңгімелеп берді.