Печать
Просмотров: 1358

20-ақпанда Қалалық наркологиялық медициналық -әлеуметтік сауықтыру орталығында Ашық есік күні өтті. Бұл шара Алматы қаласының құрылғанына мыңжыл толуына орай өтетін мерейтой құрметіне арналды.

         Биыл алып шаһар 1000 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл тарихи оқиға ЮНЕСКО шешімімен «Әлемдік мерейтойлар күнтізбесіне» енді.          

 

Алматы - «Тәуелсіздіктің -алтын бесігі » және бүгінгі таңда Қазақстанның ғана емес күллі Орталық Азия аймағындағы білім-ғылым, қаржы-экономикалық және мәдени-рухани орталығына айналған. Ең ірі мегаполистің аумағы 68 мың гектардан асады, ал халқының саны 1,5 миллион адам.

     Алматының ел тарихында да алар орны ерекше. 70 жылға жуық ,яғни 1929 жылдан бері ҚАЗССР-дің астанасы болса, 1991 жылдың желтоқсан айынан бастап тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы мәртебесін иеленді. Еліміздің ең маңызды оқиғалары осы қалада өтіп, тарихи шешімдер мен құжаттар қабылданды. Сондықтан алдағы өтетін мерейтой алматылықтардың ғана емес ,бүкіл қазақ халқының мерекесі екені даусыз.

         Қаламыздың мерейтойы қарсаңында ҚНМӘСО ұйымдастырылған ашық есік күніне келгендер өздерін мазалаған сан сауалдарға жауап алып қана қоймай ,сонымен бірге дәрігер нарколог, терапевт, психолог, психотерапевт және неврапотологтан медициналық кеңес алып, ЭКГ ,басқа да зертханалық тексерулерден тегін өтті. Орталықтың білікті мамандары тұрғындарға ақысыз және анонимді түрде өте жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсетті. 40-тан астам кісі терапевт-дәрігердің, 10 адам психолог көмегіне жүгінсе , 9 тұрғын наркологтың кеңесін тыңдады. 23 тұрғын ЭКГ тексерілсе, 13 адам зертханалық зерттеулерден өтті.

                                                                 Алматы ҚНМӘСО баспасөз қызметі.