Печать
Просмотров: 1318

Жанар Құрбанбаева -ҚНМӘСО «Үздік мейірбикесі» .

    

         2016 жылдың 22 -сәуірінде №5 Қалалық клиникалық ауруханада Халықаралық мейірбикелер күніне орай « Мамандықтың » сайысы өтті. Медеу ауданының жеті мейірбикесі «Үздік маман» атағын алу үшін тартысты. Жарысқа қатысушылар тест тапсырмасын және оқиға кезінде шешім қабылдауға кәсіби біліктілігін таразыға салды.

 

Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында өткен сайыстың жеңімпазы ,Қабылдау бөлімінің аға медбикесі Жанар Құрбанбаева қатысты. Ол 1999 жылы Алматы медициналық колледжін тәмамдап, ҚНМӘСО жұмысқа орналасып, 16 жыл еңбек етті. Сол жылы «Эмили» мейірбикелер ісі институтына түсіп, 2011 жылы үздік бағамен бітірген. Жанар Құрбанбаева өз ісіне өте жауапты ,науқастардың тілін тез табатын , өте елгезек ,мейірімді жас мамандардың тәлімгері . Сондықтан оны әріптестері және науқастар жақсы көреді және кәсіби біліктілігін құрмет тұтады.

         Сайыста оған жеңіс оңайлықпен берілген жоқ. Себебі оның қарсыластары да өз кәсібінің жілігін шағып,майын ішкендер еді. Алдымен тестілеу арқылы орта буын медицина қызметкерлерінің теоретикалық дайындығы анықталса, сосын жарысқа қатысушылар науқастарға клиникалық жағдайда медициналық көмек көрсету тәжірибесін көрсетті. Жарыста Жанар Құрбанбаева екінші орынды иеленді.

 

       Ұйымдастырушылардың айтуынша сайыстың негізгі мақсаты мейірбикелер ісі мамандарының кәсіби біліктілігін қоғамға мойындату және беделін арттыру.