Печать
Просмотров: 1485

     Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығында 12 -мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға орталықтың бас дәрігері Г. Сүлейменова, әкімшілік қызметкерлері, дәрігер наркологтар және медбикелер қатысты.

 

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық мейірбикелер күнін атап өту дәстүрге айналған. Бұл күн атақты ағылшын азаматшасы , мейірбике ісінің негізін қалаған Флоренс Найтингейлдің туған күні. Ол Қырым соғысы тұсында әлемдегі тұңғыш мейірбикелер қызметін ұйымдастырды. Қырым соғысында жараланған жауынгерлерге алғашқы дәрігерлік қызмет көрсетіп, майданда өлім-жітімді азайтуға ықпал етті. Дүниежүзінде қайырымдылық қорын ашып ,мейірбикелер мектебін құрды. 1934 жылы Ф . Найтингейл атындағы Халықаралық қор құрылып, сол қор қызметкерлерінің   бастамасымен жыл сайын оның туған күнінде жер шарының түкпір-түкпірінде мейірбикелердің кәсіби мерекесіне арналған шаралар ұйымдастыру туралы шешім қабылданған.    

     Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова медицина саласының орта буын қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, мамандық иелерінің әр қимыл-әрекеті адам өмірін сақтап қалуға ықпал ететін өте маңызды және ең қажетті кәсіп екенін атап өтті.

-Медицина саласын мейірбикелерсіз елестету мүмкін емес. Қазіргі заманда адам өмірі мен оның денсаулығы маңызды десек , күш-жігерін , білімін мейірімділікпен ұштастырған мейірбикелердің атқарып отырған еңбегі орасан хор. Медбикелерге орасан зор жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық мейірбикелер күні әл үстінде жатқан науқастардың аурудан айығып кетуіне көмектесіп,өз өмірін арнаған мейірбике қыз-келіншектерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.  

Салтанатты жиында орталықтың №8 соматикалық бөлімнің аға мейірбикесі Жанар Ахметова және №4 мәжбүрлі түрде емдеу бөлімінің аға мейірбикесі Бахытгүл Бейсембиева Мейірбикелер ісі қауымдастығының ең мәртебелі марапаты «Мейірім» медалімен марапатталды. ҚНМӘСО кәсіподақ комитеті мейірбикелерге сыйлықтар тарту етті.