Печать
Просмотров: 2449

         2016 жылдың 23-маусымында алматылық нарколог дәрігерлердің ұйымдастыруымен Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында «Есірткісіз болашақ!»  атты сурет көрмесі өтті. Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған айлық шара жасөспірімдерге есірткі заттарының зиянын, ұрпақ денсаулығына  тигізетін орасан зор зардаптарын қылқаламның құдіретімен бейнелеп , замандастарын салауатты өмір салтын ұстануға спортты серік етуге үгіттеді.

          Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығын отбасында  тұрмысы нашар балалар   паналайды. Себебі кейбірінің ата-анасы маскүнемдікке салынып кеткен , кейбірі өз баласын тентіретіп жіберген . Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының нарколог дәрігері Баратова А шараға қатысушыларға есірткі тұтынудың зиянын , қасіретін, бұған қоса есірткі заттарының адам ағзасын,болашақ ананың ,өскелең ұрпақтың ағзасына тигізетін әсерлері және оның адамды психикалық ,ақыл -есінен адастыратын тетіктері туралы тәптіштеп айтып берді.

           Ал кішкентай суретшілер қара түспен нашақорлар әлемін бейнелеп,өз туындыларында өмірдің түрлі айшықтарын көрсетуге тырысты.  

       Сондай-ақ 2016 жылдың 23-маусымында №1 Балалар үйінде «Есірткіге жол жоқ!» деген тақырыпта флешмоб өтті. Қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік орталықтың нарколог дәрігері Трубиникова А. қатысушыларға есірткі заттарының зияны туралы баяндама оқыды