Печать
Просмотров: 835

        14 ақпанда 2017 жылы Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының дәрігер-наркологы С. Кеңесбекова №156 мектепте  « Жастар арасында психикалық белсенді заттарды пайдаланудың зияны  және  ЖИТС/ АИТВ алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.  Шараның негізгі мақсаты оқушыларды психобелсенді заттардан аулақ болуға , АИТВ инфекциясының таралу жолдары, ЖИТС және АИТВ дертіне шалдыққан адамдармен толерантты қарым-қатынасын дамыту, жиынға қатысушылардың осы жат әдеттерден аулақ болуға кеңес беретін ақпараттарды өзінше ізденуге серпіліс беру, денсаулығын күту туралы жан-жақты ақпараттандыру.  Басқосуда нашақорлықтан туындайтын маңызды мәселелер қозғалып,бейнебаяндар көрсетілді.  Жиынға 53 оқушы қатысты,  120  ақпаратты-ағарту құралы қатысушыларға үлестірілді.