Печать
Просмотров: 920

 

ШЖҚ «Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы» МКК бас дәрігерінің 2016 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есеп беру жиналысы өтті.

         2017 жылдың 27 ақпанында ҚНМӘТО  конференц – залында бас дәрігердің  2016 жылдың қорытындылары бойынша жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру кездесуіне Түрксіб ауданының МБ бас дәрігері К.М.Темірова,  ЖИТС ҚО бас дәрігері Т.А.Бапиев, бас дәрігердің орынбасары м.а. Ш.К.Әбесов, ААТҚКД бас дәрігері Ж.А.Сапиева және ҚНМӘТО-мен бірлесе жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері қатысты.

         Жиналғандармен сәлемдесе отырып, қорытынды сөзді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Г.У. Құлқаева сөйледі. ҚНМӘТО бас дәрігері  Г.Р.Сүлейменова өз сөзінде 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы, ауру деңгейі, қол жеткізген жетістіктер мен проблемалық мәселелер, оларды шешетін қызметтер мен жолдарын атап өтті. Мәселелер талқыланғаннан кейін Г.У.Құлқаева орындалуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Кездесуге  42 адам қатысты.