Печать
Просмотров: 921

 

img_0608

 

Алматы қаласындағы наркологиялық  медици­налық-әлеуметтік түзету орталығының   маскүнем­діктен мәжбүрлі түрде емделушілер бөліміндегі   емделу­шілер  өздеріне тосын сый жасады.   Тосын сый болғанда қандай дейсіз ғой, олар өз қолдарымен жасалған спорттық құрал жабдықтардан құралған жаттығу залын ашты. 

  Бұл орталықта   жүргізілетін еңбек терапиясының нәтижесі, – дейді  орталықтың директоры Гүлсара Сүлейменова.  Наркологиялық орталықтағы спорттық жаттығу залының ашылу салтанатына  Медеу ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Айдос Асқарұлы және ҚР самбо бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы   «Құрмет» орденінің иегері  Омар  Исаханов қатысып, әлеуметтік ортадан қалған емделушілердің  өз денсаулықтарын ойлап, жаман әдет-дағдыдан арылу­дың жолдарын спорттан тауып отырғандықтарына ризашылықтарын білдіріп,   маскүнемдік пен нашақорлық  бір отбасы  үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен әлеуметтік мәселе екендігін айта келіп, емделу­шілерге   осы орталықтан сауығып  шыққан соң да спортты жандарына серік етулеріне тілек­тестіктерін білдірді.   Мәжбүрлеп емдеу бөлімінің емделушілері  сөз кезегінде   жаттығу залын  ашу туралы бастаманың   қалай туындағанын, құрал-жабдықтарды қалай жасағандарын айтып, баста­маларына қолдау білдіріп, қажетті заттарды  сатып алып бергені үшін  осы орталықтың әкімшілігіне, директоры Г.Рахметоллақызына алғыстарын білдірді. Наркология орталығында спорттық жаттығу залының ашылуы тек Алматы қаласы үшін ғана емес,  басқа аймақтар үшін де айтарлықтай жаңалықтың бірі болып отыр.   Маскүнемдік  пен нашақорлық дертіне шалдыққан емделушілер ертеден кешке дейін төсекке танылып жатқанша, еңбек  терапиясымен бірге, бір мезгіл спортпен айналысып,  ойларымен қатар, бойларын да сергітетін болады.  Жаттығу залының жаттықтырушысын да олар алыстан іздеген жоқ, ол да  мәжбүрлі түрде емделіп жатқан азамат.  Жаттығу залы таңертеңгі тоғыздан кешкі беске дейін жұмыс істейтін болады.

– Орталықтағы мәжбүрлі түрде емелушілерді әлеуеметтік ортаға бейімдеу мақсатында түрлі іс-ша­ралар ұйымдастырылып тұрады. Оның ең бастысы – еңбекке баулу. Бұл жұмыста нарколог дәрігерлері­міздің психологтар мен психотерапевтер мен әлеуметтік қызметкерлеріміздің еңбегі зор.  Бұл ем шараның емделушілерді ішімдік пен есірткіге тәуел­діліктен айықтыруға тигізер көмегі зор.  Емделушілер  әлеуметтік ортадан уақытша болса да сырттап қалға­ны болмаса қолдарынан келмейтіні жоқ. Шеттерінен өнерлі. Олардың кітап оқуға деген ынтасын  көрсеңіз.   Осыған дейін олар нарды  ойынының тақтасын да өздері жасап алған болатын. Енді міне жаттығу залын да өз  қолдарынан жасалған құрал-жабдықтар­мен  ашып отыр. Бұл орталықтың емімен қатар тәр­бие бағытында атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетсе керек. Әрбір отбасында спортпен шұғылдануға көңіл бөлінсе, салауатты өмір салтын  қалыптастырсақ, жастар жағым­сыз әдеттен аулақ болар еді, – дейді бас дәрігер, медицина ғылы­мының    кандидаты  Гүлсара  Сүлейменова.

– Оталықтағы   жаттығу залының ашылуының соңы Тәуелсіздік мерекесіне арналған   мерекелік іс-шараға ұласып, міндетін мінсіз атқарып жүрген меди­цина қызметкерлері, шаруашылық мамандары және жаттығу залының ашылуына атсалысқан емделушілер  марапатталып, оларға мерекелік құрмет көрсетілді.

8%d0%b5%d0%bc%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0

ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ КЕЛГЕНДЕ… 

Желтоқсан айы келгенде жүрегі толқып, көңіл терезесін мұң шалмай­тын адам аз шығар.  Сол бір оқиғаның болғанына отыз жыл толса да, оның мұңын ешкім ұмыт­қан емес.  Қазақ жас­тарының қай­сар­лығы мен батылды­ғының арқа­сында  көп ұзамай еліміздің Тәуелсіз туы желбіреді. Еліміздің Тәу­ел­­сіздік күнінің де 16- желтоқсанда той­ла­нуына негіз болған сол Желтоқсан оқиғасы. Тәуелсіздік күні қарса­ңын­да Желтоқсан көтерілісіне қаты­сып, өздерінің ерліктерін танытқан азаматта­рымызға құрмет көрсету де отыз бір жылдан бері дәстүрімізге енген іс-шара­лардың бірі. Міне, осындай мерекелік іс-шараны қала­мыз­дағы №8 емханада да болып өтті. Емхана қызметкерлері емдеу меке­месінде есепте тұратын желтоқ­сан­шы азаматтарға арнап Ашық есік күнін ұйымдастырып, олармен кезде­су өткізді. Кездесуде  Тілеген Ғабдушев  сөз алып, оқиғаның қалай бол­ғанын және ондағы  өз замандас­тарының ерлігі жайында әңгімелеп берді. Желтоқсан  көтері­лісі туралы бес  кинофильмнен үзін­ді көрсетіліп, емхана қызметкерлері  өздерінің орындаула­рындағы ән-күйден шашу шашты.  Желтоқсан оқиғасының қаһармандары емхана­ның хируругі Б.Төлемісов орындағы  қазақ күйлерінің папуриін,   жалпы дәрігерлік бөлімнің мейірбикесі Ж.Төлемісова орындаған әндерге риза­шылықпен қол соқты. Кездесуге  қатыс­­қан желтоқсаншыларды емха­на­­ның бас дәрігері Ф.Ағыбаева құт­тық­тап ақ желеңді  №8 емхананың ақ желеңді абзал жандарының аты­нан қай­сарлық пен ерліктің символы саналатын қалампыр гүлін сыйлады. Сол күн ұмытылмайды дейді  елінің намысын ту етіп алаңға алып шық­қан  Желтоқсан көтерілісінің қаһар­мандары.

Нұржамал   ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ   ttp://almaty-akshamy.kz/wp-content/uploads/2017/12/8емхана-41x55.jpg 41w, http://almaty-akshamy.kz/wp-content/uploads/2017/12/8емхана.jpg