Печать
Просмотров: 1298

IMG_2001.JPG-Психологтар мен наркологтардың бірге жұмыс істегені  өте дұрыс саясат.  Бұл жерде негізгі мәселе  наркологтар мен психологтарды  ғана  емес, фтизиатрлар, онкологтардың  және басқа мамандардың қызметін орталықтандырамыз. Оның бәріне орын керек, ғимарат керек.  Биыл дайындық шараларын жүзеге асырамыз. Келесі жылдың екінші жарты жылдығында екі саланың қызметі біріктіріледі.

      Бұл жайында бүгін Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік түзету орталығында Парламент Мәжілісі депутаттары мен нарколог дәрігерлердің кездесуі барысында  Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Серікбол Мусинов хабарлады.

         Бүгін Парламент мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова  орталықтың қабылдау бөлімшесі, сараптама кабинеті және емхананың күнделікті  жұмысымен танысып, наркологтарды толғандырған мәселелерді  талқылады.   

    IMG_2037.JPG

     Республикалық психиатрия ,психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының мәліметінше елімізде 275 психолог, 90-нан астам нарколог жеткіліксіз екен.             

         -Норматив талаптары бойынша нарколог, психиатр 10-20 мың адамға, яғни ол өзі бекітілген аймақтағы 3-4 емханаға қызмет көрсетеді.  Нарколог, психиатр  қайда деп, халық  наразылығын тудырмас үшін осы саладағы талаптарды қайта қарау керектігін басқарма басшысы Серікбол Мусин шегелеп айтты.

      Сонымен бірге психиатрлар мен наркологтар үшін биыл жаңалыққа толы. Келешекте нарколог дәрігерлер  психиатриялық науқастарды, психиатрлар есірткіге тәуелді және маскүнемдерді емдеу үшін материальдық – техникалық базасы жасақталады. Екі саланың бірыңғай сандық жүйесін жетілдіру, ем-шараның тиімділігін арттыру көзделіп отыр. 

    Дегенмен тәуелділік дертінен құлан-таза жазылып кету үшін науқасқа нарколог,психиатрдың көмегімен бірге әлеуметтік түйіткілдерінің де елеусіз қалатыны жасырын емес.      

     -Менің  есірткі, ішімдіктен бас тартқан, қазір оны тұтынбайтын емделушілерім бар. Бірақ бұл көрсеткіш тым төмен, емделген адамдардың 10 пайызы деуге болады. Басым бөлігі орталықтан емделіп шыққаннан кейін бұрынғы достарына, ортасына оралуға мәжбүр. Себебі, олар жұмысқа орналаса алмайды, отбасында кикілжіңдер жиілейді, әлеуметтік ортада, қоғамда өз орнын табу оларға қиын. Біздің орталық Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен ортақ меморандум , келісім-шарт бар.  Яғни емделушілерімізге анықтама беріп, орталыққа жібереміз. Сол арқылы жұмысқа орналастырамыз, құжаттарын рәсімдейміз, - деп Алматы қалалық наркологиялық орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүлейменова науқастардың түйіткілін жеткізді.        

      Парламент Мәжілісінің депутаттары пен денсаулық саласы басшылары,  нарколог дәрігерлер еліміздегі наркологиялық  және психиатриялық  саланың қордаланған мәселелерін оңтайлы шешудің жолдарын қарастырды.   

IMG_2003.JPG

 

IMG_2004.JPG

IMG_2007.JPG

IMG_2013.JPG