Печать
Просмотров: 705

23 сәуірде Алматы қаласының наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығына АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау мәселелері бойынша бюросының есірткі сұранысын төмендету мәселелері жөніндегі офицері Эндрю Томпсон келді.  Орталықтың бас дәрігері Гүлсара Сүйлеуменова қала халқына наркологиялық көмек көрсету және оны жақсарту, жастар және жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмыстарды жетілдіру, ПБЗ-ға тәуелді пациенттер үшін стационарлық көмек көрсету және оңалту жұмыстарын баяндап берді. Кездесуде  2015 жылы UTC бағдарламасымен ұсынылған Кейс-менеджменті ,мәжбүрлі түрде ем қабылдайтын пациенттерді ертіп жүру, адвокациялау, оқыту және жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің бірлесе атқаратын жұмыстары талқыланды.

Нарколог-дәрігер А.Т.Сүлейменова мен психолог А.Н.Артықова бірлесіп, ПБЗ-ға тәуелділік саласындағы мамандар үшін UTC бағдарламасы бойынша 2014-2017 жылдары ҚНМӘТО базасында өткізілген тренингтердің материалдарын ұсынды.

Алматы қаласы бойынша наркологиялық қызметті жетілдіруге арналған жаңа әдістерді енгізу жоспарлары айтылды.

Кездесуге  АҚШ елшілігінің Халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау мәселелері кеңсесінің «Есірткі сұранысын төмендету» бағдарламасы бойынша менеджері Сәуле Тілеусаринова мен ШЖҚ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» РМК бас дәрігерінің орынбасары Б.Ж.Нұралиев қатысты

IMG-20180423-WA0042.jpg

IMG-20180423-WA0039.jpg