
Күні кеше елімізде азаматтарды псевдопсихологтардан қорғайтын жаңа заң күшіне енді. Енді тек жоғарғы оқу орнында арнайы білім алған мамандар ғана адамның жан дүниесін емдеумен айналыса алады. Талап сақталмаса, қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Күйзелістен шығудың үш жолы:
1. Өзіңді кінәлауды тоқтат.
2. Күн сайын таңертең ерте тұрып, таза ауада серуенде.
3. Өзіңе ұнайтын іспен айналыс — жаңа хобби тап.
Желіде өзін осылай психолог, коуч деп таныстырып, жұртқа ақыл айту арқылы табыс тауып жүргендердің дәурені аяқталды. Күні кеше елімізде псевдопсихологтардан қорғайтын жаңа заң күшіне енді. Яғни жоғары білімі жоқ және мемлекеттік реестерге тіркелмеген азаматтардың өзін психолог деп атауына тыйым салынады. Сондай-ақ жарнамада «психо-коуч», «психо-кеңесші» секілді атауларды қолдануға болмайды. Ал оны пысқырмай, курс сатып, ақыл айтатындардың ізіне бір емес, бірнеше министрлік түспек. Өйткені бұрынғы депуттаттар дәл осы желі белсенділерінің кесірінен талай отбасы ойран болып жатқанын айтып дабыл қаққан болатын. Енді маманның атағына емес, оның нақты немен айналысатынына назар аударылады. Осы тұста кәсіби психологтарды псевдопсихологтардан қалай ажыратуға болатынын жұрттың жан жарасын емдеп жүргендердің өзі айтып берді.
Әйгерім Оспанова, психолог: – Ол кісілер міндетті түрде өзіне тәуелді етеді. Яғни қайта-қайта келу олардың мақсаты.
«1-2 сеанста емдеп беремін», «диагноз қойып беремін» деген сияқты жұмыс жүргізіледі. Ал нақты психолог диагноз қоя алмайды. Егер қандай да бір медициналық сұрақтар туындайтын болса, ол диагностикалық тұрғыда анықталып жатса, дәрігер мен психотерапевтке жолдама береді. Бұл психологтардың мәртебесін өсіреді деген ойдамын. Бұл бір бюрократиялық қиындық тудырмауы керек. Жалған уәде беріп, халықты жаңылыстырғандарға алғашында айыппұл, оны елемесе, қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жан сырын жайып салған азаматтың құпиясын таратса, жағдай тіпті қиын. Әуелі жинақталып жатқан еліміздегі психологтар реестрінен алынып тасталады. Одан кейін бұл іспен айналысуға мүлдем тыйым салынып, түрмеден бір-ақ шығуы бек мүмкін.
Ғабит Өмірбек, заңгер: – Егер де оның ешқандай тізімге тіркелмегенін білетін болса және де жалған диагноз қойған болса, жұмыс істеуге лицензиясы болмаса, оған қатысты азаматтық арыз жазып, ол кісіге мүлдем тыйым салып тастауға болады, сот шешімімен.
Екіншіден, айыппұл салынады. Үшіншіден, сот арқылы өзіне келтірілген моральдық, материалдық шығынды өндіріп ала алады. Қылмыстық іске дейін жетуі мүмкін. Дәл сондай жаза алдына келген адамның денсаулығына кесірін тигізген жағдайда да көзделіп отыр. Айта кетейік, жыл сайын орта есеппен 400 мың қазақстандық түрлі курс пен тренингтерге қаржы жұмсап, алаяқтардың арбауына түседі екен.


