
Студенттік шақ — бұл жарқын жаңалыққа , ерекше әсерге толы, қиыншылық пен алғашқы маңызды шешімдер қабылдауға үйрететін ерекше кезең. Алматының Психикалық сауықтыру орталығының суицидология қызметінің басшысы Токарева Мария және психологы Шаихова Меруерт
Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Білім беру саласында жасөспірімдер мен жастардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» іс-шарасы аясында 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Дәріс тақырыбы «Мен өмірді таңдаймын!» деп аталады. Психикалық денсаулық орталығының білікті мамандары
студенттермен маңызды тақырыптарды талқылады: эмоционалдық дағдарыстың алғашқы белгілерін қалай анықтауға болады, қиын жағдайларда ішкі ресурстарды қайдан табуға болады, өз сезімдерің туралы уақытында айту және бір-біріне қолдау көрсету неліктен маңызды.
Кездесудің басты идеясы — кез келген жағдайдан шығар жол бар, ал көмек сұрау ұят емес, бұл — өзіңе деген қамқорлық пен күштің көрінісі.
“Естеріңізде болсын: әрқайсыңыз маңыздысыз, ерекшесіз, әлем мүмкіндіктерге толы және бір-бірімізді құрметтеп, өмірді таңдайық!” деп психологтар жастардың сұрақтарына да жауап берді.




