
Ақылы бөлім бойынша ақпараттар
ПСО наркологиялық қызмет көрсету ақылы бөлімі халыққа мынадай қызметтер түрлерін көрсетеді:
073/у нысанды анықтама – жүргізуші куәлігін алу үшін;
076/у нысанды анықтама- лицензиялық-рұқсат беру жүйесіне қаруға рұқсат алу үшін;
075/у нысанды анықтама- оқуға түсуге және жұмысқа орналасу үшін;
028/у нысанды анықтама- көш-қон қызметіне ұсыну үшін.
Есірткіні анықтауға зәр тапсырғаннан соң дәрігер-психиатрдың және наркологтың кабинетінде куәландыру міндетті, сондықтан есепте тұрмайтын туралы eGov-тан анықтама қажет емес.
Қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, анықтамаларды беру «Бірыңғай терезе» форматында, басқа медициналық ұйымдарға бармай-ақ бір жерде жүргізіледі.
Медициналық комиссия өту барысында окулисті, ЛОР-дәрігерді, өкпенің рентгенографиясы және профпатологтың қорытындысын қосып есептегенде 30 минутқа таяу уақыт болады, толық анықтама бірден беріледі.
Сондай-ақ біздер мынадай медициналық қызметтер көрсетеміз:
Әскери кафедраға түсушілер үшін есірткіні анықтау үшін зәрді зерттеу;
Азаматтардың жеке жүгінуі бойынша талап ету орнына психиатриялық-наркологиялық куәландыру;
Біздің Орталығымыздың бұл қызмет түрлеріне қажетті барлық лицензиялары бар. Анықтамалар қатаң нормативті-құқықтық актілерге сәйкес беріледі. Рәсімделген барлық құжаттар мөрмен куәландырылып және электронды базада тіркеледі. Бұл олардың шынайылығына және жоғалған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндігіне кепілдік береді. Сіздер бағалар Прейскурантымен біздің мына сайтымыздан таныса аласыздар: cpzalmaty.kz байланыс телефондары: 382-36-81, 87714043567, 87057789717. Мекен-жай: Мақатаев көш., 10
Көрсетілетін қызметтер: алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды емдеу-стационарлық амбулатория.
Жұмыс режимі: тәулік бойы, демалыс және үзіліссіз.
Төсек саны: 15 төсек, VIP палата бар
Тел: 382-36-81
1
2
3
| 1 | Сүлейменова Әсел Табысқызы | бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер |
| 2 | Нарколог дәрігер жоғары санатты дәрігер |
|
| 3 | Қыдырбаева Бану Ахановна | жоғары санатты бөлімшенің аға медбикесі |


