АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ - Алматы психикалық денсаулық орталығы
АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығында медицина мамандарының қатысуымен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі аясында психикалық сауықтыру саласындағы пациенттерге көрсетілетін медико-әлеуметтік және әлеуметтік көмек мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиында Орталық директорының орынбасары Наби Болатұлы мен суицидолог-психиатр Мария Токарева жедел жәрдем қызметкерлеріне заң шеңберінде дұрыс әрі сауатты әрекет етудің тетіктерін, тәртіп-ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесуде талқыланған негізгі бағыттар:
Пациенттерге шұғыл көмек көрсету кезіндегі құқықтық нормалар;

Шұғыл және күйзелістік жағдайларда заң аясында әрекет ету алгоритмі;

Пациенттердің құқықтарын қорғау және медико-әлеуметтік қолдау көрсету жолдары.
Жиын барысында жедел жәрдем қызметкерлері күнделікті жұмыста кездесетін сан түрлі көкейкесті сұрақтарына толық әрі нақты жауап алып, заң мен тәртіп бойынша білімдерін тереңдетті.
Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі орталық мамандарының жіті назарында !

АЛМАТЫДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ