Ақылы қызметтер - Алматы психикалық денсаулық орталығы

Анықтамалар беру:

Біздің Орталықта қызметтің осы түрін көрсетуге қажетті барлық лицензиялар бар. Анықтамалар нормативтік-құқықтық актілерге қатаң сәйкес беріледі. Рәсімделген барлық құжаттар мөрмен расталып, электрондық базаға тіркеледі. Бұл олардың түпнұсқалығына кепілдік береді және жоғалған жағдайда қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Қызмет алушыға кассада міндетті түрде фискалдық чек беріледі. Баға прейскуранты қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған.

073/у анықтамасы

Жүргізуші куәлігін алу үшін

Форманы жүктеу

028/у анықтамасы

Көші-қон қызметіне ұсыну үшін

Форманы жүктеу

075/у анықтамасы

Оқуға түсу және жұмысқа орналасу үшін

Форманы жүктеу

027/у анықтамасы

Талап етілетін орынға ұсыну үшін: нотариусқа, репродуктивті медицина институтына, ҚР азаматтарының шетелге шығуы үшін, шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін, арнайы органдарға (ІІМ)

Форманы жүктеу

028/у анықтамасы

Көші-қон қызметіне ұсыну үшін

Форманы жүктеу

Жеке өтініш бойынша келесі медициналық қызметтер көрсетіледі:

ЭЭГ + кеңес беру

Компьютерлік өңдеумен электроэнцефалография және невропатолог кеңесі

Есірткіге талдау

Несеп құрамында есірткі заттарының бар-жоғын анықтау нәтижесі көрсетілген анықтама (талап етілетін орынға, әскери кафедра үшін)

Психотерапевт

Психотерапевт маманының кеңесі және көмегі

Наркологиялық стационар

Психоактивті заттарды қолданудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарды стационарлық емдеу (соның ішінде анонимді түрде)

Қарттар психиатриясы

Психиатриялық бейіндегі егде жастағы адамдарды стационарлық емдеу

Ақылы медициналық қызметтер ақылы қызмет көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі

Ақылы медициналық қызметтер көрсетудің мақсаты — халықтың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін медициналық көмектің әртүрлі түрлеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Медициналық қызметтер Алматы қаласы әкімдігі берген медициналық және дәрігерлік қызмет түрлері бойынша мемлекеттік лицензияға сәйкес көрсетіледі.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында анықтамалар «Бір терезе» форматында, басқа медициналық ұйымдарға жүгінбей, бір жерде беріледі.