
«Егер психологиялық көмек алушы кәмелетке толмаған болса, сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамды олардың атынан психологиялық көмек алуға ақпараттандырылған Келісімді заңды өкіл береді». Елімізде ҚР «Психологиялық қызмет туралы» заңы 60 күннен кейін күшіне енеді.
3 тамызда қалалық психикалық сауықтыру орталығының шұғыл әрекет ететін суицидологиялық қызметінің жетекшісі Мария Токарева Қалалық жедел шұғыл шұғыл көмек көрсету ауруханасы қызметкерлеріне заң жобасындағы психологиялық қызмет көрсету саласында бірыңғай құқықтық негіз қалыптастыруға және азаматтардың сапалы психологиялық көмек алуына бағытталған баптарды, емделушілердің құқығы және дәрігерлерге заң аясында қимыл-әрекет ету, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндірді
Мария Токарева суицид жасауға бейім пациенттер медициналық қызметке жүгінген кезде тәуекел топты ерте анықтау, сенім телефонына шұғыл хабарласу, қамқоршысы немесе заңды өкілінің құзыретін түсіндіріп, медициналық көмек көрсету барысында пациенттердің құқықтарын сақтауға шақырды. Сонымен бірге психиатр дәрігер Алматыда суицидтің алдын -алу мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері бойынша кеңес берді.
«Суицид жасауға оқталып, ауруханаларға алғаш медициналық көмекке жүгінген адамдардың құқықтары мен психологиялық мәселесі әрқашан басты назарда болу керек» деді Мария Токарева. Жиынға аурухананың бас дәрігерінің орынбасарлары, бөлім меңгерушілері және дәрігерлер қатысты.







