
16 қыркүйекте орталықтың Суицидологиялық қызметтің жетекшісі Мария Токарева ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында өткен шараға қатысты. Қатысушылар суицидке бейім немесе оқталған адамдарға шұғыл медициналық көмек, психологиялық қолдауды жетілдіру, ведомствоаралық әріптестікті нығайту, пациент құқығы, заң аясында әрекет етудің әдістерімен бөлісті. Кәсіби психиатр жиында суицидтің алдын-алуға жұдырықтай жұмылып әрекет етуге шақырды. Сонымен бірге мамандар академияға келешекте курсанттар арасында дертті ертерек анықтау, Ұлттық қауіпсіздік академиясына іріктеу кезінде суицидтің белгілерін айғақтайтын медициналық әдістерді жетілдіру жайлы талқылады.
Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DdqNv_9qCld/


