Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының амбулаториялық емхана қызметіне жүргізілген ағымдағы ж - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының амбулаториялық емхана қызметіне жүргізілген ағымдағы ж

Биыл қыркүйекте ғимаратты жөндеу жұмыстары басталған. Нәтижесінде нысанның ескі есіктер, электр жүйелері, едені, дәретханадағы раковиналар , унитаздар ауыстырылды. Сонымен бірге дәрігерлердің науқастарға медициналық көмек көрсететін бөлмелері заман талабына сай өзгерді .

Жөндеу кезінде тіркеу орталығының аумағы кеңейтіліп, ерекше замануи үлгіде жабдықталып, емделушілерге жедел, сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалды. .

Орталықтың амбулаториялық емхана қызметі 250-ден астам ересек, балаға медициналық, психологиялық көмек көрсетеді. Жөндеу жұмыстары барысында емхана басқа нысанға көшіріліп, мамандар тұрғындарға үздіксіз медициналық көмек көрсетті.
Басқарма басшысы Марат Пашимов орталықтың жаңғырту жұмыстары медицина қызметкерлеріне қауіпсіз, жарық және заманауи үлгідегі жайлы жұмыс орнын ұйымдастыруға бағытталғанын және емделушілер үшін медициналық көмектің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін айтты.

Бүгін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының амбулаториялық емхана қызметіне жүргізілген ағымдағы ж