

Бүгін – елімізде COVID-19 індетінен қаза тапқандарды Ұлттық аза тұту күні. Қара жамылып, жақынынан айырылған отандастарымыздың орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирустан қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Covid 2019 дертінен құрбан болған азаматтарды мәңгі ұмытпаймыз.


