Дәрі-дәрмек жеткілікті. - Алматы психикалық денсаулық орталығы

Бүгін таңертең «Қоғамдық бақылау» тобының белсенділері , Жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері , «Нұротан» партиясының мүшелері, республикалық ақпаратттық порталдың тілшілер Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының есігін қақты.
Орталық директоры Сапар Рахменшеевпен бірге белсенді топ дәрі-дәрмек қоймасын аралады. Коронавирус және пневмониядан емделуші науқастардың ішетін тағам, суынсапасын тексеру мақсатында асхана барып, қарбаласқан жұмыс процесін көрді.
— Орталықта дәрі-дәрмек жеткілікті. Қажетті медициналық аппараттармен жабдықталған. Науқастардың денсаулығы медицина қызметкерлерінің жіті қадағалауында. Соңғы күндері дертінен айыққан бірнеше пациент отбасына оралды ,.-дейді орталықтың басшысы.

Сапар Рахменшеевтің пікірінше COVID-19 індетінің таралуы тежелді. Науқастардың саны да кеміген. Наркологиялық қызметтегі 120 науқас, ал психиатриялық қызметтегі орталықта 130 адам емделіп жатыр.
Наурыз айынан бері 1500 –ге жуық науқас дертінен айығып, отбасына оралыпты..

Дәрі-дәрмек жеткілікті.