Алматыда тұңғыш қазақ тілінде «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гаджеттерге тәуелділіктің алдын-алу шаралары» атты оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
WhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.18.jpeg

 

WhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.18.jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.18 (1).jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.19.jpegWhatsApp Image 2023-10-10 at 13.50.22.jpeg

Алматылық бастауыш сынып оқушыларының 35% тәулігіне 1-2 сағат гаджетке телміреді. Осы жастағы балалардың 33% ғаламторда анағұрлым көп уақыт байланып қалса, 9% гаджетке мүлдем қарамайды. Ал 13-15 жастағы жасөпірімдердің 69% күндіз-түні 2 немесе одан көп уақыт виртуалды әлемге сүңгіп кетеді.
Бүгін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гаджеттерге тәуелділіктің алдын-алу шаралары» атты оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. Оқу — әдістемелік құралда Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы қызметкерлерінің қала мектептеріндегі балалар мен жасөспірімдердің гаджетке тәуелділігін зерттеу нәтижелерінің қорытындысы жарияланған. Орталықтың директоры Сапар Рахменшеевтің айтуынша қаланың білім ордаларында оқитын 6-18 жас аралығындағы 3300 оқушы қатысқан. Олардың 1664 (50,4%) қыздар, 1636 (49,5%) ұлдар.
— Мұндай нұсқаулық қазақ тілінде бірінші мәрте жарық көрді . Негізі қазақ , орыс тілінде шықты. Мектептегі ұстаздарға, ата-аналарға арналған. Жалпы балалардағы тәуелділіктің қай деңгейді болып жатқанын анықтауға, тәуелділікті анықтау кезінде қандай сұрақтар қою керек, қалай көмек беру керектігі жайында мағлұматтар бар. Зерттеу жұмысы 2022-2023 жылдары Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің басшылары, ата-аналарының келісімен сауалнама әдісі бойынша жүргізілді. Гаджетке тәуелді баланың ойынқұмарлықтың құлына айналуы бір қадам. Бұл дертпен күресу үшін алдымен құмар ойынға үгіттейтін жарнамаларды тоқтату керек, -дейді Сапар Рахменшеев.

Мамандардың зерттеу нәтижесінде балалар, жасөспірімдердің бойындағы гаджетке тәуелділіктің белгілері ,себептері анықталған. Шынайы өмірге қанағаттанбау, жақын адамдарымен тіл табыса алмау, қатым-қатынасы нашарлау, жақындарының мінез-құлқындағы өзгерістерді байқаған кезде тұйықталуы, сескенген жасөспірімдердің серігі ғаламтордағы әлем болып тұр. Бұл Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы, Алматы қалалық білім басқармасы және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бірлескен жоасы.

Бүгін дүниежүзілік денсаулық күні орталықта ашық есік күні өтті., Қала жұртшылығына психологтар, психиатрлар, терапевтер ,невропотологтар тегін медициналық,психологиялық кеңес берді.

Алматыда тұңғыш қазақ тілінде «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы гаджеттерге тәуелділіктің алдын-алу шаралары» атты оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.