previous arrow
next arrow
Slider
Государственные символы РК
Послание Президента РК
Официальный сайт Президента РК
Казахстан- 2050.Наша сила
Screenshot 2023 06 08 124910

Изображение WhatsApp 2023 04 03 в 15.12.32

log25let.jpg

 ПАКЕТЫ ИРР 16 мая

uzalmaty

 

call center


17 июль 2020, 12:57
Коронавируспен күрескендер
Әлемнің түкпір-түкпіріне жайылған коронавируспен пневмонияға шалдығып, жұқпалы дертті еңсерген науқастар қайдан кеселдің жабысқанын білмейді. Олардың айуынша аурудың белгілері тамақ жыбырлайды, тұншығып жатқандай күй кешеді, дененің қызуы , әлсіздік , иіс сезу, тәбеттің жоғалуы ,демікпесі күшейіп, жөтеледі. Соңғы кездері үрейленіп, күйзеліске бой алдырған науқастардың саны жиілеген.

Жер бетін әлекке салған Covid-2019 жайлы ел арасында тараған әңгімені естіп, есеңгерімеу мүмкін емес. Сондықтан кеселді жұқтырып, қауіпті індеттен айыққан тұрғындарды тыңдау үшін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығына хабарластық.

Орталық директоры Сапар Рахменшеевпен онлайн арқылы сұхбаттастық.Себебі, карантин ережесін және еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау барлық азаматтың міндеті.

Сонымен орталықтың наркологиялық қызмет көрсететін ғимаратында коронавирус ауруының белгілері мазалаған науқастарды емдейтін 170 төсекті жайып, 5 наурызда Провизорлық орталық ашылады. Орталық директорының айтуынша 4 айда 1500 тұрғын емделіп, отбасына оралды.
Ал шілде айында психиатриялық қызметғимаратындағы 180 орындық екінші емдеу нысаны жұмысын бастады.

Медицина қызметкерлері науқастарды кесел құрығынан құтқару үшін күні-түні жанталасып жатыр.

Біз орталықта емделіп жатқан науқастардың да пікірін білдік. Алғашқы кейіпкеріміз 61 жастағы Гүлнара Көпжасарова.

- Ауырмай тұрғанда Whatsap –қа «ауруханада бүйтеді, аман шықпайсың, зиянды дәрі береді» деген түрлі әңгімеден шошып жұрдім. Аяқ астынан ауру мені де құрсаулады. Амал жоқ , жедел жәрдем көлігін шақырдық. Жолда қатты уайымдадым. Отбасымды енді көремін бе деген жанымды жегідей кемірген үреймен аурухана табалдырығын аттадым –дейді науқас.

Шілдеде денесін күйдіргендей қызып , өкпесі қабынып, тынысы тарылып, дүниені астан-кестен еткеніндеттен оңалған Гүлнараның өміріне енді ешқандай қауіп жоқ. Жаһанды шарлап жүрген коронавирусты еңсеріп, науқас 6 күннен бері үрей, қорқынышты ұмытыпты.

- Дәрігерлер, мейірбикелер, тазалықшыларға алғыс айтамын. Жиі-жиі дене қызуымды қадағалап, үнемі бақылап, тажалдың тырнағынан жұлып алып қалды. Есімді жиғаннан кейін санама әбден сіңген үрейден құтылу маған оңай болған жоқ. Мұнда кәсіби психологтар көмек берді. Аурухананың тамағы да құнарлы. 4 мезгіл ішеміз. Сізбен сөйлесіп отырғаным осы аурухана қызметкерлерінің арқасы. Мұндай ауруды ешкімнің басына бермесін ,- дейді Гүлнара Көпжасарова.

Орталық директоры Сапар Құттыбайұлының айтуынша ем-дом шаралары Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен қаулыға сәйкес тағайындалады. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Науқастарға 4 мезгіл ас беріледі. 350 төсек орын қажетті медициналық аппараттармен жабдықталған.

- Науқастардың жасы әртүрлі. Қазір 1933 жылы туған, 87 жастағы зейнеткеріміз сырқаттан айықты. Денсаулығы жақсы. Медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, қарт кісілер бата береді. Ең жас пациент 23 жаста. Қазір оның денсаулығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Коронавирус жұқтырды деген белгілері бар және пневмонияға шалдыққан тұрғындарды 10-14 күн емдейміз. Егер Covid-2019 жұқтырғаны расталса, онда инфекциялық ауруханаға жіберіледі , -дейді Сапар Рахменшеев.

Екінші кейіпкердің жасы елуде. Өзінің аты-жөнін жариялауға рұқсат бермеді. Алматы тұрғыны иіс сезбей, әлсіздік сияқты ауру белгілері байқалған кезде түрлі дәрілік шөптерді ішкен, елден естіген ем-дом шипа болады деп үміттеніпті. Медициналық көмекке жүгінбейді. 10 күннен кейін сусамыр ауру мен өкпенің дерті өршиді. Өкінішке қарай өкпесінің 80 пайызы зақымданып, ауа жетпей, ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, жансақтау бөлімінің мамандары аман алып қалғанын айтады. Қазір науқастың жағдайы орташа. Диагнозы пневмония.

- Дәрігерлердің еңбегіне бас иемін. Алғысым шексіз. Уақыт жоғалтып алмаңыздар. Екі-үш күнде денем қалшылдап, ауа жетпей қиналдым. Ауруханаға дер кезінде жеткізіпті. Денсаулығым жақсы ,-дейді науқас .

Сапар Рахменшеев Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының директоры;

- Әрине бәрі керемет деп мақтанудан аулақпын. Ауыр халде, жағдайы өте мүшкіл науқастарды көп түсті. Барлық медициналық көмекті аяған жоқпыз. Соңғы күндері аурудың беті қайтып, ауыр халде жеткізілетін пациенттердің саны сәл ғана азайды. Коронавирусқа қатысты ақпараттар интернетте , әлеуметтік желілерде өте көп. Соны уайымдап, ем-домнан үркіп үрейленген кейбір азаматтарға, аналарымызға психологиялық көмекті аямадық. Ең бастысы ауруханадағы медицина қызметкерлерінің еңбегі бір төбе. Бірлік бар жерде тірлік бар деп бекер айтпаған. Көзге көрінбейтін вирустың құрығынан құтқарып , отбасына оралған тұрғындардың алғысы бізге үлкен марапат.

Тұрлыахмет Оңғаровты жасанды желдеткіш аппараттың көмегімен тыныс алып, аман қалды. Дәрігерлер ақсақалдың сағат сайын дене қызуын тексереді.

-Жансақтау бөлімінде көзімді ашсам, жап- жас ұл-қыздарым дәрісін беріп, жанымда құрақ ұшып жүгіріп жүр. Бұл жарық дүниені тағы көремін деп ойламадым. Ауру алқымымнан алып, жан азабын тартқанда естен танып қалыппын. Жасым 74-те. Жас дәрігерлердің кәсіби мықтылығына таң қалдым. Дәрі-дәрмегі тегін. Төрт мезгіл тамағымды береді. Бас дәрігері, орынбасарлары күнде жағдайымызды көріп, жігерлендіріп кетеді. Адамның жанының арашалап жүрген дәрігерлерге ақ батамды бердім.

Бізбен сөйлескен науқастардың айтуынша ауру белгілері байқалғанда емханаға хабарласып, медициналық көмекке жүгіну керек.
Ең бастысы бойды үрейге билетпеу керек. Соның кесірінен кейде дәрінің ағзаға әсері әлсіз болуы мүмкін. Көбірек негативті ақпараттан бойды аулақ ұстау керек. Әсіресе ауырып жатқан адамға өлім-жітім жайлы жайсыз хабарлардың естіртпеуге тырысқан тиімді.
Бүгін елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты.


Жазира Бегалы, Алматы

Миссионерлік
Миссионерлік
Онлайн знакомства
Онлайн знакомства
Миссионерство
Миссионерство
lv 0 20230830115554
lv 0 20230830115554
PR Anuar 2
PR Anuar 2
lv 0 20230830120420
lv 0 20230830120420
lv 0 20230830113946
lv 0 20230830113946
Құстар
Құстар
lv 0 20230830132131
lv 0 20230830132131
WhatsApp Video 2023 06 04 at 10 23 48
WhatsApp Video 2023 06 04 at 10 23 48
lv 0 20230830121004
lv 0 20230830121004
Инсульт рус версия Шымкент
Инсульт рус версия Шымкент
Инсульт каз версия Шымкент
Инсульт каз версия Шымкент
Qamalladin
Qamalladin
PR Anuar
PR Anuar
Видео инсульт 21
Видео инсульт 21
WhatsApp Video 2023 06 04 at 10 23 57
WhatsApp Video 2023 06 04 at 10 23 57
Какие медицинские услуги могут получить пациенты с социально-значимыми заболеваниями?
Какие медицинские услуги могут получить пациенты с социально-значимыми заболеваниями?
Синтетикалық есірткіге тәуелді болғандардың саны артып барады
Синтетикалық есірткіге тәуелді болғандардың саны артып барады
КГП на ПХВ ЦПЗ видео обзор
КГП на ПХВ ЦПЗ видео обзор
Центр психического здоровья рад сообщить, что у нас открылось отделение лучевой диагностики
Центр психического здоровья рад сообщить, что у нас открылось отделение лучевой диагностики
Отделение психосоматических расстройств
Отделение психосоматических расстройств
pov women for TV
pov women for TV
В центре психического здоровья вы можете получить консультационную помощь по самым сложным вопросам.
В центре психического здоровья вы можете получить консультационную помощь по самым сложным вопросам.
ЦПЗ выставка
ЦПЗ выставка
ЦПЗ женское отделение
ЦПЗ женское отделение
Выдача справок от психиатра - нарколога.
Выдача справок от психиатра - нарколога.
Приемный покой
Приемный покой
Отделение психических расстройств пожилого возраста №8. Центра психического здоровья.
Отделение психических расстройств пожилого возраста №8. Центра психического здоровья.
Стационарное детское психиатрическое отделение
Стационарное детское психиатрическое отделение
otd
otd
МЫ против кор...
МЫ против кор...
Мы против Кор.....
Мы против Кор.....
Сагинтаев опубликовал социальный ролик о влиянии коронавируса
Сагинтаев опубликовал социальный ролик о влиянии коронавируса
ARUJAN YT RIMEIK
ARUJAN YT RIMEIK
YidenShikpa8
YidenShikpa8
VID 20200323 WA0039
VID 20200323 WA0039
VID 20200323 WA0038
VID 20200323 WA0038
VID 20200323 WA0037
VID 20200323 WA0037
3 ROLIK SOVETY RU
3 ROLIK SOVETY RU
3 ROLIK SOVETY KZ
3 ROLIK SOVETY KZ
2 ROLIK SOVETY RU
2 ROLIK SOVETY RU
2 ROLIK SOVETY KZ
2 ROLIK SOVETY KZ
1 ROLIK SOVETY RU
1 ROLIK SOVETY RU
Как защититься от коронавируса?
Как защититься от коронавируса?
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 15 1
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 15 1
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 15
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 15
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 14 1
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 14 1
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 14
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 14
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 13
WhatsApp Video 2019 12 30 at 14 27 13
Previous Next Play Pause
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50