Сапар барысында делегация орталықтың клиникалық бөлімшелерінің жұмысымен, психоәлеуметтік оңалтумен, шұғыл психиатриялық көмекті ұйымдастырумен танысты. Сондай-ақ психикалық денсаулық қызметін дамыту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Алматы қаласының Психикалық сауықтыру орталығына Қытай Ұлттық психикалық денсаулық орталығының (NCMHC) делегациясы ресми сапармен келді.












