Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Чингиз Сеилбеков қала тұрғындарын қабылдады. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Чингиз Сеилбеков қала тұрғындарын қабылдады.

Орталық басшысы қабылдауға келген азаматтардың медициналық көмек алу, емдеу әдістері, динамикалық бақылаудың ережелері, мәжбүрлі түрде емделудің шарттары және мүгедектікті рәсімдеуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Чингиз Сейлбеков әр дүйсенбіде сағат 10:00-12:00 (Мекенжай: Ә. Кекілбайұлы 117А) және дәл осы уақытта әр жұма сайын (Мекенжай:Мақатаев 10) азаматтарды қабылдайды. Ескертетін жәйт, қабылдау тұрақты түрде өтеді.

Орталық басшысы қабылдауға келген әр азаматтың өтінішін мұқият қарап, заң шеңберінде жедел шешуге, медициналық сапалы көмек ұйымдастыруға орталық мамандарын жұмылдырды.

Қабылдауға жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін +7 727 376 55 95 телефонына хабарласыңыз.

Бүгін Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Чингиз Сеилбеков қала тұрғындарын қабылдады.