Алматылық наркологтар «Есірткісіз өмір» флешмобына шақырады. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Алматылық наркологтар «Есірткісіз өмір» флешмобына шақырады.

Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарды 5 маусымда өтетін «Есірткісіз өмір» флешмобына шақырады. Шараны ұйымдастырушылар Медеу ауданы әкімдігі, «Наркостоп» ұйымы және Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы. Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына зияны туралы, оның алдын -алу және тегін емделуге қатысты ақпаратты осы ауқымды шарада білуге болады.
Бүгін Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының наркологиялық қызмет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Айгүл Әбдікерова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сонымен бірге биыл алып шаһарда есірткіге тәуелді адамдардың саны 2% азайған. 5 айда 65 тұрғын бақылаудан шығарылып, олардың 19 емделуші толық тәуелділіктен арылған.
•⁠ ⁠Емдеу шаралары ғана емес, белсенді профилактикалық жұмыстардың ықпалы екені даусыз. Нәтижесінде есірткіні тұтынудың салдары мен зиянына қатысты ақпаратқа сұраныс артты және мамандардың көмегіне ертерек жүгінушілер көбейді. Неғұрлым емделуге уақыт созбай жүгінген науқастың тәуелділіктен толық жазылып кетуіне мүмкіндігі бар,- деді Айгүл Әбдікерова.
Орталық мамандары мектептерде, колледждерде,оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға нашақорлықтың алдын-алу және оның зиянын түсіндіріп үздіксіз семинар, тринингер өткізеді.
Алматыда биыл 5 айда есірткіге тәуелді 64 адам динамикалық бақылауға алынған. Олардың 13 қыз-келіншек, кәмелет жасқа толмаған 1 жасөспірім.

Алматылық наркологтар «Есірткісіз өмір» флешмобына шақырады.