ПАЦИЕНТТІ ЕСЕПКЕ ТІРКЕМЕЙДІ, ЕМДЕЛГЕНІ ҚҰПИЯ САҚТАЛАДЫ. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
ПАЦИЕНТТІ ЕСЕПКЕ ТІРКЕМЕЙДІ, ЕМДЕЛГЕНІ ҚҰПИЯ САҚТАЛАДЫ.

Жер шарында жыл сайын 2 миллион 600 адам алкоголь сусындарына тәуелділіктен ажал құшады екен. Оның 2 миллионы ерлер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) деректеріне жүгінсек, әлемде жыл сайын есірткі мен психоактивті заттарды тұтыну салдарынан 500 мыңнан 600 мыңға дейін адам көз жұмады.
Жыл сайын 3 миллионнан астам адамның өмірі қыршын қиылып жатыр. Кейбір тұрғындар үшін жаман әдетке үйір болған отбасы мүшесі жайлы ақпараттың құпия сақталып, ешжерде оның емделгені жасырын сақталғаны маңызды. Егер сапалы медициналық көмек, кәсіби наркологтар мен тамағы тоқ, көйлегі көк болатындай жағдай жасайтын медициналық ұйым іздесеңіз, онда ақылы бөлім меңгерушісі Айбек Ибраевтың сұхбатын мұқият тыңдаңыз.
Жақыныңызды алкоголь өнімдері, есірткі заттарына тәуелділіктің құрығынан құтқару үшін кәсіби нарколог дәрігерлер тәулік бойы қызмет көрсетеді. Сапалы медициналық көмек, ыстық тамақ, жайлы төсек пен психологиялық көмек ұйымдастырылады. Тек төмендегі телефондарға хабарласып, толық ақпарат алуға болады.
Үміт үзбеңіз. Біздің мамандар тәуелділік апанынан алып шығу үшін , емделушінің өмірін өзгерту үшін ең жоғары сапалы медициналық көмекті ұйымдастырады.
Ал бұл бөлімнің телефондары тәулік бойы сізге кеңес береді.
87751022055
87273823681

ПАЦИЕНТТІ ЕСЕПКЕ ТІРКЕМЕЙДІ, ЕМДЕЛГЕНІ ҚҰПИЯ САҚТАЛАДЫ.