
Бүгін Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының шұғыл әрекет ететін Суицидологиялық қызметінің жетекшісі Мария Токарева қалалық №7 клиникалық ауруханасы жанындағы емхана қызметкерлеріне науқастарға психологиялық қызмет көрсету кезінде заң аясында қимыл-әрекет ету және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді түсіндірді.
Мария Токареваның айтуынша суицид жасауға бейім немесе оқталған науқасқа психологиялық қызметті ұсыну кезінде пациенттің құқықтары ескерілуі керек. Әсіресе психикалық ауруға шалдыққан адамның қамқоршыларына хабарлап, емдеу алдында құжаттарды ресми әзірлеу , науқас жазбаша түрде келісім бергенде психологиялық көмекті ұйымдастыру тетіктерін баяндады. Сонымен бірге нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуінің нақты алгоритмдерін жан-жақты айтып берді.
Бүгінгі жиынға аурухананың бас директорының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, дәрігерлер, мейірбикелер қатысты.






