Суицидтің алдын-алу үшін не істеу керек? - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Суицидтің алдын-алу үшін не істеу керек?

Бүгін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқытушылары суицидтің алдын-алуға арналған жиынға қатысты. Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының Суициодология қызметінің жетекшісі Мария Токарева өз өмірін қыршын қиюға бейім адамның сөзінен, әрекетінен алдын-ала байқалатын белгілер, шұғыл түрде психологиялық қолдау, медициналық көмек ұйымдастырудың тетіктерін баяндап берді. Бұған қоса, суицид жасауға оқталған жағдайда жапа шеккен адамға көмек көрсету кезінде құқықтық, нормативті заң талаптарын сақтауға кеңес берді.
Кәсіби психиатр қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге суициодолог өзекті мәселе туындағанда тегін қызмет көрсететін орталықтар, медициналық ұйымдар туралы жан-жақты мағлұматтармен бөлісті.

Суицидтің алдын-алу үшін не істеу керек?