
Тәуелділік құрығына іліккен әр адамды ауыр жол күтіп тұр. Ең бастысы-бұл жолды жалғыз еңсерудің қажеті жоқ екенін білу керек.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының № 5 психотерапия және оңалту бөлімінде 25 жылдан бері емделушілердің алғысына бөленген мықты мамандар еңбек етеді. Бөлім меңгерушісі Роза Сүлейменова кәсіби , тәжірибелі қызметкерлердің жұмысы, емдеу әдістері туралы сұхбат берді.
Әр пациентпен команда жан-жақты жұмыс істейді, онда әр маман бір-бірін толықтырып, күйзеліске түсірген мәселенің түйінін тауып, науқастың психикалық жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі. Олардың өзіне деген сенімділігін оятып, есірткісіз, ішімдіксіз өмір сүруге бейімделуге көмектеседі.
— Біз тәуелділіктен арылуға ғана емес, салауатты, толыққанды және бақытты өмірдің құндылығын қайта қауышуға көмектесеміз. Біз бірінші қадам жасауға дайын әрбір адамды қолдап, дертін еңсеруге мүмкіндік береміз , — дейді Роза Сүлейменова
Ақпарат көзі: https://www.instagram.com/p/DdlJn6UCk5H/


