Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының Ересектерге арналған наркологиялық диспансерлік бөлімінің мамандары әрқашан көмектесуге әзір.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының Ересектерге арналған наркологиялық диспансерінің дәрігерлері тұрғындардың дертін ерте анықтау, амбулаториялық -диагностикалық көмек көрсету, алкоголь, есірткі заттарына , құмар ойындарға тәуелді науқасты динамикалық бақылауға алу, сонымен бірге сапалы медициналық, кешенді психологиялық көмек ұйымдастырады.
Тәжірибелі нарколог дәрігерлер пациенттерге кеңес береді, сонымен бірге мектептерде, колледждерде және басқа мемлекеттік мекемелерде спирттік өнімдер, есірткі заттарының зияны туралы тренинг, семинарлар өткізеді. Орталық пациенттер жайлы ақпаратты құпия сақтауға кепілдік береді. Ал толық ақпаратты бөлім меңгерушісі Марина Белобородько мен нарколог дәрігер Сәния Кеңесбекқызы айтып береді.


