ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 35 бабы 3 тармағына сәйкес (2020 жылғы 07 шілдедегі өзгерістер мен толықтырулар), ҚР ДСМ 2020 жылғы 03 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына «Медициналық қызметтер (көмек) сапасына ішікі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында науқастардың мәселелерін жедел шешу үшін Орталықта науқастарды қолдау және сапаны бақылау қызметі (бұдан әрі-НҚҚ және ІА) құрылған.
НҚҚ және ІА директордың сапаны бақылау жөніндегі орынбасары, жоғары білікті санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, тәуелсіз сарапшы Худаир Жанна Рафхатқызы басқарады.
Орталықтың науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметінің негізгі бағыттары:
- Науқастардың және олардың заңды өкілдерінің мәселелерін (шағымдарын) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, Әкімшілік рәсімдік-процессуальдық Кодексте белгіленген тәртіпте шешу.
- Денсаулық сақтау саласындағы (клиникалық аудит) белгіленген стандарттарға сәйкес науқастарға медициналық көмек көрсетуді бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу.
- МӘМС жүйесінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетудің ережелерін сақтау.
- Жұмыстағы кмшіліктерді ескерту және жоюға, медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.
НҚҚ және ІА халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасына қанағаттануларына сауалнама арқылы науқастардың барлық өтініштері бойынша құзіретті медициналық қызметкерлер «мұнда және қазір» принципі бойынша жедел шешім қабылдау мақсатында зерттеу жүргізеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және көрсетілген көмекке қанағаттану, Орталықтың қызметкерлерінің этика және деонтологияны сақтау жөніндегі барлық сұрақтарыңыз бойынша Сіз жүгіне аласыз:
- Директор Рахменшеев Сапар Құттыбайұлының блогы, мына сайтқа:
- Мына сайтқа комментарий қалдыруға: http//www.facebook.com/cpzalmaty
- Орталықтың директорының қабылдау бөлмесіне электрондық поштаға :
- Орталықтың бөлімшелерінде «Өтініштер мен ұсыныстарға арналған жәшікке» арызданушының аты, жөні, фамилиясы, деректері (телефоны, мекен-жайы) нақты мәселесі жазбаша түрде көрсетіліп, салынуы қажет.
- НҚҚ жІА мына телефондар,а хабалрласу:
- Психиатриялық қызмет: 376-55-31
- Наркологиялық қызмет: 382-35-99
- ПСО Call center: + 7 727 376-56-60, + 7 727 382 -35-59
- Сенім телефоны 13-03
- Сенім телефоны 8 708 983 28 63