Алматы қаласында Наркологиялық қызмет 1976 жылы құрылып, наркологиялық диспансер ашылды. Осылайша наркологиялық қызмет жалпы психиатриядан өз алдына бөлініп шықты.
1992 жылы қалалық наркологиялық диспансер Қалалық дәрігерлік – әлеуметтік саулық наркологиялық орталығы болып қайта құрылды. Дәл осы қайта құру, жаңа атау - наркологиялық қызметтің орталықтандырылғанын және медицина саласында ғана емес әлеуметтік салада да атқаратын істерінің ауқымын кеңейтіп, нашақорлықтан емделушілерге медициналық және әлеуметтік көмек қөрсету қызметінің міндеттерін айқындап берді.
Қалалық дәрігерлік – әлеуметтік саулық наркологиялық орталығы (ҚДӘСНО) қаланың барлық халқына наркологиялық көмек көрсететін қаладағы жалғыз мамандандырылған медициналық мемлекеттік кәсіпорын. Орталық нашақорлықтың алдын-алу және ерте анықтау мәселелерімен, салауатты өмір салтын насихаттау, науқастарды емдеу, медико – әлеуметтік оңалту іс – шараларын өткізу, алкогольдік және есірткі заттарынан масаю күйін анықтайтын сараптамалар жүргізумен айналысады.
Алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлықтың алдын-алу және науқастарды анықтау мақсатында наркологтар қаланың барлық медициналық мекемелерімен, Қалалық ішкі істер департаментінің нашақорлықпен күрес басқармасымен, білім беру мекемелерімен, мемлекеттік емес ұйымдар және наркологиялық ауруларды сауықтыру мәселелерімен айналысатын діни конфессиялардың өкілдерімен белсенді түрде бірлесіп жұмыс істейді. Барлық БАҚ -пен алкоголизм мен нашақорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша әріптестік қарым-қатынас орнатылған.
Орталық наркологиялық көмек көрсету мәселелері жөнінде арнайы дайындығы мықты мамандармен жасақталған. 104 дәрігер, олардың 29-ы жоғары дәрежелі, 13-і бірінші дәрежелі, 2 екінші дәрежелі, 201 мейірбике, олардың 87-сі жоғары дәрежелі, 11 бірінші, 1 екінші дәрежелі, 5 терапевт, 3 невролог, 4 психотерапевт, 8 психолог жұмыс істейді.
Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталық құрылымында (ҚДӘСНО) жалпы сыйымдылығы 305 төсек орын бар, емханалық бөлімде күніне 200 келіп – кету орны, участкелік наркологтардың кабинеттерімен бірге нашақорлықпен ауыратын науқастарды емдеу және алдын -алу кабинеті, балалар кабинеті жұмыс істейді. Қала тұрғындарына участкелік қағидаларға сүйеніп,емханалық көмек көрсетіледі,сондай-ақ әр ауданға участкелік нарколог-дәрігер бекітілген.
Сонымен қатар ҚДӘСНО құрылымында клиникалық зертхана, токсико – химиялық зертхана, қабылдау бөлімі, ас әзірлейтін бөлім, рентген бөлмелері секілді қосалқы қызметтер де бар.
Мамандандырылған консультативті наркологиялық көмек көрсететін топ қаланың басқа ауруханаларында жатқан науқастарға дер кезінде және сапалы кеңес беріп, ауруханаға жататын науқастарды саралап,іріктеуден өткізеді.
Наркологиялық науқастарды емдеудің ең маңызды кезеңдерінің бірі оларды медициналық, отбасында, мамандығына, жұмыс істеуге бейімдеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылуға ықпал ететін медициналық-әлеуметтік оңалту жобасы. Орталықтың оңалту қызметі медициналық-әлеуметтік сауықтыру бөлімдерінде 75 төсек орын, ал мәжбүрлеп емдеу бөлімінде 35 төсек орын ұсынады, ал науқастар дәрі-дәрмекпен емдеу шарасынан кейін психолог және психотерапевтердің жеке курстарынан өтеді. Оңалту курсынан өткеннен кейін есірткіге тәуелді тұлғаларға әлеуметтік көмектер көрсету, жұмысқа орналасу және ұдайы психологиялық қолдау тетіктері енгізіліп келеді. Біздің орталықтың медико – әлеуметтік оңалту бөлімінің негізгі мақсаты — емдеудің үйлесімді жүйесін жасау, нашақорлыққа шалдыққандарды оңалту және науқастарды қайта әлеуметтендіру.
ҚДӘСНО емдеу және оңалту курстарынан өтіп жатқан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету, олардың құжаттары мен жеке куәліктерін қайта жасау және жұмысқа орналастыру мәселелеріне көмектесу мақсатында Аудандық әділет органдары мен Жұмыспен қамту орталықтарымен әріптестік байланыс біріздендірілген. ҚДӘСНО тарапынан өтініш хат және қажетті қағаздар беріліп, науқастардың құжаттары, жеке куәлігі рәсімделіп, жұмыспен қамтамасыз ету , қажетті жағдайда кәсіпке дайындау шаралары жүргізіледі.
Наркологиялық ауруларды емдеу ерікті түрде жүзеге асырылады және 1995 ж. сәуір айынан бастап ҚР Президентінің 07.04.1995 ж. шыққан № 2184 Жарлығына сәйкес соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен емдейді, ол үшін арнайы күзетілетін бөлімдер бар.
ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының қызметі және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тиімділігін арттыру шаралары туралы», 2010 жылдың 10- тамызындағы № 1039 Жарлығының 3- тармағына сәйкес, алкогольді сусын тұтынып, масайған тұлғаны уақытша бейімдеу және уытсыздандыру шаралары бұрын ІІМ медициналық айықтыру орындарында жүргізілсе, 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚДӘСНО-ның уақытша бейімдеу және уытсыздандыру бөлімінде 30 төсек орын ұйымдастырылып, дәрігер – наркологтер орта дәрежеде масайған азаматтарға тәулік бойы көмек көрсетеді.
ҚДӘСНО қажетті барлық медициналық жабдықтар және аспаптармен жабдықталған, сонымен қатар Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бекіткен дәрі – дәрмектерменжәне шығыстар сметасымен қамтамасыз етілген.
Павлодар қаласындағы нашақорлықтың медико – әлеуметтік мәселелері жөніндегі ғылыми - тәжірбиелік орталығы әзірлеген психотерапевтік оңалту әдістері игерілген және нашақорлықпен ауыратын науқастарды емдеу кезінде пайдаланады. .
ҚДӘСНО Қазақ Мемлекеттік медициналық Университетінің психиатрия және наркология, Алматы қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру университеті кафедраларының клиникалық базалары болып табылады. Орталықтың бөлімдерінде заманауи дәрі – дәрмектер апробоциясы және наркологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістері жүргізіледі. Профессор, медицина ғылымдарының докторлары науқастарға кеңес беріп отырады.
Алматы қалалық наркологиялық қызмет алдында нашақорлықтың алдын -алу, нашақорлықтың азабын тартқан науқастарды емдеу және оңалту әдістерін жетілдіру, наркологиялық қызмет көрсету сапасын арттыру, қала халқының салауатты өмір сүруін қалыптастыру сияқты көптеген міндеттер тұр.