
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның егеменді ел екенін айшықтайтын Туы, Елтаңбасы қабылданды. Ал сол жылы 11 желтоқсанда тәуелсіз еліміздің тұңғыш Әнұраны бекітілген. 2006 жылы 6 қаңтарда жұртшылыққа танымал және патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұранды таңдап алды.
2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» деп аталатын Конституциялық заң қабылданып, құжат Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Әнұранның мәртебесін, мағынасы мен оларды пайдаланудың қатаң тәртібін айқындады.
Содан бері 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өту дәстүрге айналған.
Ту авторы -Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Елтаңба авторлары -танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Улиханов.
Ал Әнұранның авторлары әнін танымал сазгер Шәмші Қалдаяқов жазды. Сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев жазды. Еліміздің әр азаматы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті


