Алматының психикалық денсаулық орталығының мамандары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының mhGAP бағдарламасы бойынша ұлттық шебер -жаттықтырушылары сертификатын иеленді. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Алматының психикалық денсаулық орталығының мамандары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының mhGAP бағдарламасы бойынша ұлттық шебер -жаттықтырушылары сертификатын иеленді.

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының mhGAP (Mental Health Gap Action Programme) бағдарламасы аясында кәмелет жасқа толмағандар арасында суицид оқиғаларына тосқауыл болу, алдын- алу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыратын ұлттық шебер -жаттықтырушыларды оқыту басталды.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйла Иманғалиева қатысушыларға бағдарламаның өзектілігі мен маңызды екенін айтып, медицина қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев , ҚР ЮНИСЕФ өкілі Мұстафа Сарвар онлайн арқылы қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Назарова ұлттық шебер -жаттықтырушыларға сертификаттар табыс етті.

Биыл 1–5 маусымда Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-форматта семинар өткізіп, 34 ұлттық шебер -жаттықтырушыны іріктеді.. Сол тізімге PhD, MBA, жоғары біліктілік санатты дәрігер-психиатр, Алматы қалалық Психикалық денсаулық орталығының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Алматы қаласының бас штаттан тыс психиатры Есімов Нәби және орталықтың шұғыл әрекет ету суицидологиялық қызметінің жетекшісі, жоғары санатты дәрігер-психиатр, суицидолог Токарева Мария енді.
Пилоттық бағдарламаның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғау жүйесін нығайту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту, кәмелетке толмағандар үшін уақтылы психологиялық-психиатриялық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.
Алдағы уақытта өңірлерде төрт пилоттық бағдарлама аясында жалпы тәжірибелік дәрігерлер, психиатр-дәрігерлер мен психологтарды каскадтық әдісі бойынша оқыту жоспарлануда. Оқу офлайн (күндізгі) форматта, екі лекпен өтеді және мамандарға балалар мен жасөспірімдердің психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын ерте анықтау, диагностикалау және оларға көмек көрсету, сондай-ақ суицидтік мінез-құлық пен өзіне-өзі зиян келтірудің алдын алу мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыруға бағытталады.
Сонымен Алматы, Шымкент және Түркістан облысынде келесі мерзімдерде оқу басталады :
• 1-лек – 2026 жылғы 10–12 маусым;
• 2-лек – 2026 жылғы 15–17 маусым.
Астанада :
• 1-лек – 2026 жылғы 23–25 маусым;
• 2-лек – 2026 жылғы 29 маусым – 1 шілде.
Алматы қаласы Психикалық денсаулық орталығы мамандарының ұлттық шебер -жаттықтырушы ретінде қатысуы медицина қызметкерлері мен психологиялық қызмет мамандарын сапалы даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын- алуға бағытталған заманауи халықаралық тәсілдерді енгізуге ықпал етуі тиіс.

Алматының психикалық денсаулық орталығының мамандары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының mhGAP бағдарламасы бойынша ұлттық шебер -жаттықтырушылары сертификатын иеленді.