Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері Күні ! - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері Күні !

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның егеменді ел екенін айшықтайтын Туы, Елтаңбасы қабылданды. Ал  сол жылы 11 желтоқсанда тәуелсіз еліміздің  тұңғыш  Әнұраны бекітілген.  2006 жылы 6 қаңтарда  жұртшылыққа танымал және патриоттық ән «Менің Қазақстаным»  жаңа Әнұранды  таңдап алды.

2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» деп аталатын Конституциялық заң қабылданып, құжат  Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Әнұранның мәртебесін, мағынасы мен оларды пайдаланудың қатаң  тәртібін айқындады.

Содан бері 4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өту  дәстүрге айналған.

Ту авторы -Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Елтаңба авторлары -танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Улиханов.

Ал Әнұранның авторлары әнін танымал сазгер Шәмші Қалдаяқов жазды. Сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев жазды. Еліміздің әр азаматы Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті

 

 

 

Бүгін Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері Күні !