Маскүнемдік , есірткі заттарына тәуелді және уытқұмарлық құрсауындағы адамдар өз еркімен емделуден бас тартқан жағдайда соттың шешімімен Психикалық сауықтыру орталығына ұзақ мерзімге емделуге жіберіледі. Сот науқастың туысы, полиция өкілінің өтініші және медициналық қорытындысына сүйеніп, емделуден қасақана бас тартқан адамдарға осындай шешім қабылдайды.
Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының №3 мәжбүрлеп емдеуге арналған стационарлық наркологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлфариза Сәрсенова бөлімнің қызметі жайлы әңгімелеп береді.
Емделуші де медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен қызметіне өз пікірін білдірді.
Мұнда орталық қызметкерлері науқастарды тәуелділік құрсауынан құтқарып, әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында тәулік бойы жұмыс істейді. Әр емделушіге үміт пен сенім сыйлаған бөлімнің жұмысы туралы бейнероликті бірге көрейік.
№ 3 БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУДІҢ ЕРЕКШІЛІГІ


