Алматы қалалық №1 және №2 қалалық клиникалық балалар ауруханаларында суицидтің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті. - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Алматы қалалық №1 және №2 қалалық клиникалық балалар ауруханаларында суицидтің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.

Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығының суицидологиялық қызметінің жетекшісі Мария Токарева таңертең Алматы қалалық №1 клиникалық балалар ауруханасында «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын -алудың нормативтік-құқықтық аспектілері» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, медициналық қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және балалармен жұмыс барысында заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Жиында кәсіби психиатр ауруханаға медициналық көмекке жүгінген балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік қауіп-қатер анықталған жағдайда атқарылатын іс-шараларды жан-жақты заң аясында түсіндірді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, медициналық ұйым қызметкерлерінің міндеттері, тиісті мамандармен өзара іс-қимыл жасау және қолданыстағы нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударуға шақырды.

Аурухана қызметкерлеріне арналған семинар түстен кейін №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында жалғасты.

Мария Токарева медицина қызметкерлеріне балалардың суицидтік мәселелеріне қатысты тәжірибеде кездесетін жағдайларды бөлісіп, мамандардың сұрақтарына жауап берді.

Мамандар ақпараттық және ағартушылық бағытта өткен кездесу медицина қызметкерлерінің суицидтік қауіп-қатерді жедел анықтауға және кәмелетке толмағандарға көрсетілетін медициналық-психологиялық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді деген пікір білдірді.

https://www.instagram.com/reels/Dftvpd3Crjq/
Алматы қалалық №1 және №2 қалалық клиникалық балалар ауруханаларында суицидтің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.