
Орталық басшысы азаматтардың медициналық көмек алу, емдеу әдістері, динамикалық бақылау, мәжбүрлі түрде емделудің шарттары және мүгедектікті рәсімдеуге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Алматы қалалық Психикалық сауықтыру орталығының директоры Чингиз Сейлбеков әр жұмада сағат 10:00-12:00 (Мекенжай: Мақатаев 10) наркологиялық қызмет орналасқан ғимаратта азаматтарды қабылдайды. Ескертетін жәйт, қабылдау тұрақты түрде өтеді.
Орталық басшысы әр азаматтың өтінішін мұқият қарап, заң шеңберінде жедел шешуге, медициналық сапалы көмек ұйымдастыруға орталық мамандарын жұмылдырды.
Қабылдауға жазылу немесе қосымша ақпарат алу үшін +7 727 376 55 95 телефонына хабарласыңыз.


