Балалар психиатриялық амбулаториясы - Алматы психикалық денсаулық орталығы
Балалар психиатриялық амбулаториясы

Балалар психиатриялық амбулаториясы

Психикалық денсаулық орталығы жанындағы Балалар диспансерлік бөлімшесі Алматы қаласының балалары мен жасөспірімдеріне амбулаториялық психиатриялық көмекті толық көлемде көрсетеді. Бөлімше дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) жұмысына қатысады.

+7 747 496 64 20

08:00 до 17:00

Бөлімшенің негізгі мақсаты

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау мен жақсартуға бағытталған сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Бөлімше бір ауысымда жоспарлы түрде 50-ге дейін қабылдау жүргізуге есептелген және кешенді амбулаториялық көмек көрсетеді.

Бөлімшенің негізгі функциялары

1. Диагностикалық қызмет

  • балалар мен жасөспірімдерді психиатриялық тексеруден өткізу;
  • психикалық, мінез-құлықтық және эмоционалдық бұзылыстарды анықтау;
  • дифференциалдық диагностика жүргізу;
  • психикалық даму деңгейін бағалау.

2. Емдік көмек

  • дәрілік терапияны тағайындау және бақылау;
  • психотерапиялық іс-шараларды жүргізу;
  • мінез-құлық бұзылыстарын түзету;
  • пациенттердің жағдайын динамикалық бақылау.

3. Диспансерлік бақылау:

  • есепке қою және есеп жүргізу;
  • тұрақты тексерулер мен ауру ағымын бақылау;
  • емдеу тиімділігін бағалау;
  • терапияны уақтылы түзету.

4. Профилактикалық жұмыс

  • психикалық бұзылыстарды ерте анықтау;
  • асқынулар мен декомпенсациялардың алдын алу;
  • ата-аналар мен педагогтарға психологиялық-ағартушылық жұмыс жүргізу;
  • әлеуметтік бейімделудің бұзылуының алдын алу.

5. Сараптамалық қызмет

  • медициналық қорытындылар дайындау;
  • оқу мәселелерін шешуге қатысу (ПМПК-ға жолдау), мүгедектікті рәсімдеу, емтихандардан босату және т.б.

6. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс:

  • медициналық құжаттаманы жүргізу;
  • сырқаттанушылықты талдау;
  • жоспарлау және есеп беру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

7. Психологиялық көмек

  • психологтың балалармен және жасөспірімдермен жұмысы;
  • ата-аналарға кеңес беру.

8. Емдеудегі сабақтастық

  • медициналық қорытындылар дайындау;
  • оқу мәселелерін шешуге қатысу (ПМПК-ға жолдау), мүгедектікті рәсімдеу, емтихандардан босату және т.б.

Бөлімшенің қызметі психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтауға, тиімді емдеуге және сүйемелдеуге, сондай-ақ олардың отбасыларын қолдауға және табысты әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.

Жұмыстың мақсаты – Алматы қаласының балалары мен жасөспірімдерінің психикалық денсаулығын жақсартуға бағытталған сапалы, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.

Бөлімшенің құрамы:

  • Макенова Алия Маликқызы
    Балалар психиатриялық диспансер бөлімінің учаскелік дәрігер-психиатры Макенова Алия Маликқызы
  • Ракишева Гүлнар Надырқызы
    Аға медбике. Балалар диспансер бөлімі Ракишева Гүлнар Надырқызы
  • Әбуова Раушан Амангелдіқызы
    Аға медбике. Балалар психиатриялық бөлімі Әбуова Раушан Амангелдіқызы

Бөлімше меңгерушісінің м.а.- Нестерцова О.П. – жоғары санатты балалар психиатры дәрігері.

Бөлімше дәрігерлері:
Павленко Людмила Алексеевна – жоғары санатты психиатр дәрігері;
Макенова Әлия Маликқызы – екінші санатты психиатр дәрігері;
Жақыпбек Құралай Полатовна – психиатр дәрігері;
Рахмединов Анвар Радалинович – психиатр дәрігері;
Ракишева Гульнар Надыровна – жоғары санатты аға мейіргер.

Байланыс

Біздің мекенжайымыз:

Email:

Әлеуметтік желілер:

Суицидология қызметінің психиатры

Психиатриялық қызметтің қабылдау бөлмесі

+7 (727) 376-55-95

08:00 – 17:00
түскі үзіліс: 13:00 – 14:00

Тіркеу бөлімі

+7 (727) 376 5586
+7 (727) 390 7488
+7 (705) 191 0257
+7 (727) 376 5581

Дүйсенбі – жұма: 08:00 – 17:00
Сенбі: 15:00-ге дейін
Жексенбі – демалыс

Мамандандырылған жедел медициналық көмек бөлімі

+7 (727) 376-55-96
+7 (727) 376-55-94

Тәулік бойы 24/7

Тіркеу бөлімі – Наркологиялық қызмет

+7 (727) 382-34-19

08:00 – 17:00
түскі үзіліс: 13:00 – 14:00

Балалар диспансерлік бөлімінің тіркеу бөлімі:

+7(727)338-77-73
+7-747-496-64-20

08:00 – 17:00
түскі үзіліс: 13:00 – 14:00

Дағдарыстық жағдайлар бойынша сенім телефоны

Алматы Психикалық Сауықтыру Орталығы
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 050060
Әбіша Кекілбайұлы к., 117а
Балалар психиатриялық амбулаториясы